• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Үздік құрылысшылар марапатталды

Құрылысшылар күні қарсаңында үздіктер марапатталды. Салтанатты жиында өңірдің және елдің дамуына үлес қосқан құрылыс саласының үздік мамандары бас қосты.

Облыс әкімі Асхат Шахаров сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап, өңірдің заманауи келбеті, оның көрікті көшелері, тұрғын үйлері, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандары — құрылысшылардың өлшеусіз еңбегі мен жауапкершілігінің нәтижесі екенін тілге тиек етті.

«Құрылысшы — зор құрметке лайық, жауапкершілік жүктейтін мамандық. Қазір облыста құрылыс индустриясы жүйелі түрде дамып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және өңір экономикасын нығайтуға нақты үлес қосуда. Құрылыс саласының алға басуына — сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз, біліктілік пен табандылыққа негізделген қажырлы қызметтеріңіз сеп болып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста 500,0 миллиард теңгеге құрылыс көлемі орындалды. Соңғы 4 жылдан астам уақытта республикадағы тұрғын үй құрылысы бойынша көшбасшылардың қатарындамыз», — деген облыс әкімі еңбегі ерен құрылысшыларға алғысын білдірді.

Мерекелік шарада құрылыс саласына елеулі үлес қосқаны үшін сала ардагерлеріне облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды. Зәулім ғимараттар мен тұрғын үйлердің құрылысына атсалысқан ардагер құрылысшы, «Актюбгражданпроект» өндірістік кооперативінің төрағасы Әубәкір Әжғалиев мерейтойлық сыйлық пен ашықхатқа ие болса, «Еңбек ардагері» медалі «Айшуақ құрылыс» ЖШС басшысының кеңесшісі Өмір Қасымовқа, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі «ЭлитСтройСервис-Актобе» ЖШС басшысы Юсуф Умиров пен «Ерзат» өндірістік кооперативінің басшысы Қаржаубай Әлиқұловқа берілді.

Сондай-ақ бірқатар мемлекеттік мекеменің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметкелері Өнеркәсіп және құрылыс министрінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Құрылыс саласында қажырлы еңбек етіп, мереке қарсаңында құрметке ие болғандардың бірі — Өмір Қасымов. Ол Ақтөбедегі әлеуметтік маңызы бар нысандарды салуға үлес қосқан құрылысшы.

«Қаламыз жылдан-жылға көркейіп келеді. Күн сайын зәулім ғимараттардың іргетасы қаланып, межелі уақытта пайдалануға беріліп жатыр. Өзім 28 жыл «Актюбжилстрой» компаниясында еңбек еттім. Өзіміз тұрғызған нысандарды көрсем қуанамын. Атап айтсақ, Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институты, №8, №18 мектеп және басқа да тұрғын үйлердің құрылысына атсалыстым. Мереке қарсаңында барша әріптестерімді кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, оларға толағай табыс, зор денсаулық тілеймін,» — дейді ол.

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Аслан Жарасбаевтың айтуынша, биыл 33 нысанның құрылысы қарқынды жүргізілуде. Тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 45,0 миллиард теңге бөлінген.

«Қазіргі таңда білім беру саласында мектептер, қосымша ғимараттар, оқу корпустары, қазандықтар мен спортзалдар салынуда. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласында Хромтау, Шалқар және Қандыағаш қалаларындағы ауруханаларды кеңейту жобасы іске асырылмақ. Биыл облыс бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 1 миллион 30 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Өңірде 4 айдың өзінде барлық қаржыландыру көздері есебінен 5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өткен жылы 89 нысанда құрылыс жүргізіліп, оның 63-і пайдалануға берілген болатын. Биыл жергілікті атқарушы органда кезекте тұрған азаматтар үшін 16 пәтерді құрайтын жалдамалы-коммуналдық бір тұрғын үйдің құрылысына 170,0 миллион теңге қаржы бөлінді. Аталған жобаны жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз»,— дейді ол.

  • 20.08.2026
  • 1
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика