• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбе облысында студенттерге арналған 4,3 мыңнан астам жатақхана орны бар

Жаңа оқу жылына студенттер жатақханаларының дайындығы мен қолжетімділігі мәселесі облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды.

Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Әлімбек Тұралиевтің мәліметінше, өңірдегі үш жоғары оқу орнында 23 703 студент білім алады. Бірінші курсқа 4 860 студент қабылданған. Студенттерге арналған жалпы сыйымдылығы 4 378 орындық 10 жатақхана жұмыс істейді. Бүгінде онда 3 174 студент орналасқан, қалған бос орындар бойынша жұмыстар жалғасуда.

Оқу жылы қарсаңында жастар ұйымдарымен бірлесіп аталған жатақханалардың жағдайына мониторинг жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша барлық нысан студенттерді қабылдауға дайын деп танылды.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде 2 мың орынға арналған төрт жатақхана бар. Қазіргі уақытта онда 1 491 студент тұрады. Бір ғимаратта күрделі жөндеу, екі жатақханада ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орналастыру электрондық платформа арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте әлеуметтік осал санаттағы студенттерге басымдық беріледі.

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде 2 174 орынға арналған бес жатақхана бар. Оның 1 633 орны бүгінде бос емес. Екі жатақхана жөндеуден өтті. Медициналық университеттің шетелдік студенттерін орналастыру үшін жеке хостелдермен 314 орынға келісім жасалды. Сонымен қатар университет 600 орындық жаңа жатақхана салуды жоспарлап отыр.

С. Бәйішев атындағы университетте 204 орынға арналған жатақхана ағымдағы жөндеуден кейін студенттерді қабылдауға толық дайын. Қазір онда 50 студент тұрады.

Жатақханалардың дайындығы туралы айтқан облыс әкімі Асхат Шахаров бұл мәселенің тек білім беру саласы үшін ғана емес, әлеуметтік тұрғыдан да маңызды екенін атап өтті. Студенттердің едәуір бөлігі ауылдардан және еліміздің басқа өңірлерінен келеді. Сондықтан оқу кезеңінде жатақхана олар үшін негізгі тұратын орынға айналады.

Облыс әкімі жылу, сумен жабдықтау, кәріз және электрмен қамту жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі, санитарлық және техникалық талаптардың сақталуына баса назар аударуды міндеттеді. Бұдан бөлек, бейнебақылау, дабыл жүйесі мен күзеттің жұмысын қамтамасыз ете отырып, қауіпсіздік шараларын күшейту тапсырылды.

«Жатақханалардың толық дайын болуы – жастардың білім алу сапасына, тұрмыстық жағдайын жақсартуға және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға тікелей әсер ететін маңызды фактор. Әр жатақханада барлық инженерлік желінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Студенттерді орналастыру кезінде ашықтықты қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу маңызды. Бұл ретте аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ ауылдық жерлерден келген студенттерге басымдық берілуі тиіс. Анықталған әрбір кемшілік бойынша жедел шаралар қабылдап, студенттердің қауіпсіз әрі жайлы тұруына қажетті жағдайды жасау қажет», – деп атап өтті өңір басшысы.

  • 02.09.2026
  • 7
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика