• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ардагерлер бас қосты

Ақтөбеде облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа отырысы өтті. Жиынға облыс әкімі Асхат Шахаров қатысты.
Ардагерлер «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» жобасының жүзеге асырылу барысын талқылады, сонымен бірге ұйымның алдында тұрған міндеттер пысықталды.

«Ардагерлер қоғам өмірінің барлық саласындағы іс-шараларға, оның ішінде ел өміріндегі өте маңызды оқиғаларға, ұрпақ тәрбиесіне белсене атсалысуда. Ел үшін тек экономикалық көрсеткіш ғана емес, адамгершілік және ұлттық құндылықтарды ұстанудың, ұрпақтар сабақтастығын үзбеудің маңызы аса зор. Әсіресе қазіргі жаһандану дәуірінде жастардың сыртқа еліктеуі, басқа мәдениетке бейімделуі сынды құбылыстар кездеседі. Аға ұрпақ осының алдын алу, жастарға жөн сілтеп, дұрыс бағыт беру жолында талмай еңбектеніп келеді», — деді Асхат Шахаров.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов осы кезге дейін атқарылған жұмыс пен алға қойылған міндеттер жөнінде баяндама жасады. Ол жастармен жұмыс барысында Аталар мен Әжелер алқаларының тәрбиелік әлеуетін кеңінен пайдалану, мемлекеттік органдармен, білім, мәдениет, жастар ұйымдарымен, дін саласының мамандарымен, медиаторлармен және қоғамдық ұйымдармен өзара байланысты нығайту арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау, жыраулық өнерді және ұлттық спортты дамыту, т.б. бағыттарда жақсы нәтижеге қол жеткенін сөз етті. Алға қойылған міндеттер арасында жас ұрпаққа кітап оқу мәдениетін сіңіру ісіне ерекше ден қойылатыны айтылды.

Жалпы, «Даналық формуласы» жобасының мақсаты бойынша жастар тәрбиесінде ардагерлердің өмірлік тәжірибесін пайдалануға басымдық берілмек. Жобаны жеті бағытта— үлкенді құрметтеу, кітап оқу, тарихи сананы жаңғырту, отбасы құндылықтары, ұлттық бірегейлік, адал ұрпақ тәрбиесі және зиянды әдеттер мен құмар ойындардың алдын алу — жүзеге асыру көзделіп отыр.

«Жастар тәрбиесі — барлық бағытты біріктіретін негізгі арқау», — деді Серік Шаңғұтов.

Жастарды отансүйгіштікке, жауапкершілікке, адал еңбекке баулу мақсатында тұрақты кездесу, тәрбие сағаттарын ұйымдастырып, өмірлік тәжірибемен сөз жүзінде бөлісумен қатар, күнделікті тұрмыста, отбасында, «Таза Қазақстан» акциясы сынды іс-шаралар аясында сенбіліктерге, ағаш егуге қатысып, басқа да міндеттерді бөлісіп, олармен бірге еңбектенудің маңызы зор.

Алдағы уақытта «Ардагер ұсынған 100 кітап», «Ардагерлер — тарихтың тірі куәгерлері», «Бір ардагер — бір мектеп», «Ардагер — жасқа тәлімгер» жобаларын жүйелі түрде іске асыру ұсынылды.

Сонымен бірге ардагерлер ұйымы қарттардың өмірін жақсартуға, жеңілдетуге бағытталған бірқатар ұсыныс айтты. Мысалы, емханаларда жасы үлкен адамдарды күтіп алып, оларға бағыт сілтеп, ақыл-кеңес беретін арнайы медбике қызметін тағайындау, осы сынды өзге де ұсыныстар жиынға қатысушылар тарапынан қолдау тапты.

Жиында ардагерлер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген бастамаларға орай пікірлерін ортаға салды. Түрікпенбай Айжарықов, Қайырқожа Елеусізов, Зәпен Жұмабай, т.б. ардагерлер өз сөздерінде әсіресе «Заң мен тәртіп» қағидаттарын кеңінен насихаттау, әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны туралы айтты.

«Әлеуметтік желілерде бос ұран, қызыл сөз көп. Жастар кейде шынайы отаншылдық пен бос даурықпаның арасын ажырата алмауы мүмкін. Осы тұрғыда аға буын олармен тіл табысып, еліміздің келешегі, өз болашағы жолында дұрыс таңдау жасауына мұрындық бола білуі керек», — деді Зәпен Жұмабай.

Басқосуда қоғам үшін пайдалы істерге, жақсы бастамаларға ұйытқы болып жүрген бір топ ардагерге облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

  • 07.09.2026
  • 4
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика