- Блогтар
- Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
Түркістан облысына жасаған жұмыс сапарым кезінде «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметінің жергілікті филиалына бардым.
Онда кәсіпорын ұжымымен кездесіп, зертханаларды аралап, филиалдың материалдық-техникалық базасымен таныстым.
«Қазгидрогеология» мамандары атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Атап айтқанда, суармалы жерлердің мелиорациялық жағдайын зерттеу, топырақ-мелиорациялық жұмыстар, жерүсті, коллекторлық-дренаждық және жерасты суына зертханалық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ суару жүйелерінің коллекторлық-дренаждық суына гидрологиялық бақылау жүргізіледі.
Кездесуде ұлттық гидрогеологиялық қызметтің Түркістан филиалына кадрлық және ғылыми әлеуетті арттыру, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында кәсіпорынды дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеуді тапсырдым.
Сонымен қатар «Қазсушар» РМК мен бассейндік инспекциялардың басшыларына суармалы жерлердің мелиорациялық жағдайын жақсартуға бағытталған «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметінің Түркістан филиалы есептерінде көрсетілген ұсынымдардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырдым.
Ұлттық гидрогеологиялық қызмет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қайта құрылғанын еске сала кетейін. Президент жерасты суы еліміз үшін маңызды ресурс екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Жерасты су орындарын зерттеу және игеру – мемлекеттік су саясатының басым бағыттарының бірі. Сондықтан ұлттық гидрогеологиялық қызметті дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр.
- 14.09.2026
- 5


