• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
МАҢҒЫСТАУ – АВТОЖОЛДАРДЫ ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ЕЛІМІЗДЕ КӨШ БАСЫНДА

Бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында еліміздегі автожолдардың жайы талқыланып, Маңғыстау облысындағы жолдардың республикада алдыңғы қатарда екені айтылды.
Жиында баяндама жасаған облыс әкімі С.Трұмов биыл өңірде 245 шақырым жолды жаңарту және жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін айтты. Яғни, Ақтау қаласы мен облыстағы 10 ауылішілік жолдар реконструкцияланып, орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, биыл 28,4 шақырымды қамтитын «Ақтау – Форт-Шевченко» және «Хонда» орталығынан Өмірзақ ауылына дейінгі жолды реконструкциялау бойынша 2 жаңа жобаның жұмысы басталды. Бүгінде жолдың негізін дайындау (основание) бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс алаңында 130-техника, 165 адам жұмыс істеуде. Барлық жұмыстар бекітілген құрылыс кестесіне сай жүргізіліп, шілде айында толық аяқталады деп жоспарлануда.
Оған қоса, «Жетібай-Құрық» 64 шақырым автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бүгінде аталған жолдың 8 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жобаны 2022 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Маңғыстау облысына Елбасының келген сапарында Ақтау заманауи теңіз курортына айналуы тиіс деген болатын. Бүгінде өңірде туризм дамуына аса зор көңіл бөлініп өңірдің инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Осы орайда, «МАЭК» су жинау каналынан «Құрық» паром кешеніне дейін автомобиль жолын қайта жаңарту жобасын іске асыру 5 кезеңге бөлініп, бүгінге оның 4-і іске асырылды. Келесі жылы қалған 1 жобаны  («МАЭК» су алғышынан Құрық теңіз портына дейін (II – кезек) автомобиль жолын реконструкциялау» іске асыру көзделіп отыр. Өңірдің туристік инфрақұрылымын дамыту шеңберінде алдағы уақытта «Таушық-Шетпе», «Ақтау-Форт-Шевченко» автомобиль жолдарын да қайта жаңарту жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, Жаңаөзен қаласын кешенді дамыту жоспарына сәйкес 164 шақырымды құрайтын «Жаңаөзен – Кендірлі – Түрікменстан шекарасы» автомобиль жолын 2025 жылға дейін қайта жаңартуды жүзеге асыратын болады.
 Облыста халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар бойында 37 сервистік қызмет көрсету орталығы бар. Оның 16-сы ұлттық стандартқа сәйкес. Биыл бұл жұмыстар да жалғасын табатын болады.  
«Nur Otan» партиясының «2021-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» аясында еліміздегі барлық өңірлік жолдардың сапасын 95% жеткізу көзделіп отыр. Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Маңғыстаудағы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының қанағаттанрарлық жағдайы 94% құрайтынын айтты.  
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 07.04.2021
  • 312
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика