- Блогтар
- Дүйсембиев Ж.Ж.
Дүйсембиев Ж.Ж.
ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
Қазақстан мен Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДкҰ) ынтымақтастықты кеңейтуде: цифрлық кеден, жедел транзит және кадрлық әлеуетті дамыту
ДкҰ Бас хатшысы Иэн Сондерспен кездесу өткіздім. Онда кедендік әкімшілендіруді дамытуға қатысты практикалық мәселелер, соның ішінде цифрландыру, транзиттік дәліздерді дамыту, рәсімдерді жеңілдету және Қазақстан мен ДкҰ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.
Кездесуден кейін ортақ басымдық қайта расталды: кедендік операциялар заңды сауда үшін жеделдетіліп, ал құқық қорғау үшін дәлірек болуы керек. Қазақстан үшін Дк Ұ-мен ынтымақтастық транзиттік әлеуетті дамыту және қауіпсіздікке нұқсан келтірмей, тауарларды шекара арқылы төмен бағамен тасымалдауға мүмкіндік беретін халықаралық стандарттар мен цифрлық шешімдерді енгізудің практикалық тетігі ретінде қызмет етеді.
- 24.09.2026
- 9


