- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Қаржы министрлігі ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етіп келеді
28 қыркүйек - Халықаралық ақпаратқа қол жеткізу күні ретінде белгіленген. Бұл датаны ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы 2015 жылы айқындап, оған 2019 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық мәртебесі берілді. Дәйекті, өзекті және қоғамдық маңызы бар ақпаратқа қол жеткізу мемлекет ашықтығының, азаматтармен және бизнеспен тиімді өзара іс-қимылдың, сондай-ақ мемлекеттік процестердің ашықтығын арттырудың маңызды шарттарының бірі. Қазақстанда азаматтардың ақпарат алу құқығы "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген. ҚР Қаржы министрлігі өз қызметінде ақпарат қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, оның ережелерін жүйелі түрде ұстанып келеді. Министрлікте осы бағыттағы жұмысты үйлестіретін және заңнамаға сәйкес ақпараттың уақтылы берілуін қамтамасыз ететін ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғалар айқындалған.
- 29.09.2026
- 14


