- Блогтар
- Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Әсет Ерғалиев ШОБ-ты қосымша қолдау шаралары топтамасын таныстырды
ҚР Президенті жанындағы Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы барысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев кәсіпкерлердің кредиттері бойынша салықтық ынталандыру және борыштық жүктемені төмендету бойынша қосымша қолдау шараларын таныстырды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларында кәсіпкерлердің кредиттері бойынша салықтық ынталандыру және борыш жүктемесін азайту бойынша қосымша қолдау шаралары әзірленді», - деді министр.
Ә.Ерғалиевтің айтуынша, ШОБ-ты қолдау үшін зардап шеккен салалардағы ШОБ субъектілері үшін еңбекақы төлеу қорынан барлық салықтар мен төлемдерді төлеу кейінге қалдырылды. Бұл норма 500 мың кәсіпкерге қатысты. Салықтар мен төлемдерді кейінге қалдырудың болжамды сомасы 67 млрд теңге.
Сондай-ақ, салықтық және кедендік берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары тоқтатылады. Бұл 374 млрд теңге берешек сомасы бар 90 мың бизнес субъектісін қамтуға мүмкіндік береді.
Ұлттық экономика министрлігі басшысы аталған кейінге қалдыру шаралары 2021 жылғы 1 сәуір мен 1 шілде аралығында әрекет ететінін атап өтті.
«Сондай-ақ, тауарларға ілеспе жүкқұжаттар мен электрондық шот-фактураларды ресімдеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру 2021 жылғы 1 шілдеден 1 қазанға ауыстырылады. «Атамекен» ҰКП мен Қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігімен бірге экономиканың неғұрлым зардап шеккен салаларында ШОБ кредиттері бойынша проценттік мөлшерлемені субсидиялау кезеңін ұзарту мәселесі пысықталды», - деді министр.
6 мыңнан аса ШОБ субъектісіне қолдау көрсетіледі. Кредит қоржынының сомасы 425,5 млрд теңге.
«Субсидиялау мерзімін 2021 жылғы 1 сәуірден 1 шілдеге дейін анықтау ұсынылады. Субсидияларды бағалау құны 8,8 млрд теңге. Барлық жоғарыда айтылған қолдау шаралары бойынша қажетті заңнамалық түзетулер әзірленді», - деді ҰЭМ басшысы.
- 08.04.2021
- 224