• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәденов Е.С.
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ІІМ: Үш күнде республика бойынша 11 мыңға жуық жол ережесін бұзу дерегі тоқтатылды

Ішкі істер министрлігі Жолда жүру қағидаларын бұзудың алдын алу және жолын кесу мақсатында жүйелі әрі жоспарлы жұмыстар жүргізіп жатыр

Осы бағыттағы негізгі міндеттердің бірі – жалған, қолдан жасалған, жасырылған және оқылмайтын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерді пайдалану деректерінің жолын кесу. Кейбір жүргізушілер камераға түсіп қалмау үшін және жауапкершіліктен жалтару үшін мемлекеттік нөмірлерін әдейі жасырады. Бірақ оның артында көбіне автокөлік ұрлығы немесе жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу және басқа да заңға қайшы әрекеттер болу мүмкін. Біздің міндетіміз – бұл деректердің жолын уақытылы кесіп, ауыр салдарға жол бермеу. Соңғы үш тәуліктің өзінде республика бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзудың шамамен 11 мың дерегі анықталды. Оның ішінде 1 300 дерек көлікті оқылмайтын мемлекеттік нөмірмен басқаруға, 600 дерек мемлекеттік нөмірсіз басқаруға, 150 дерек жалған немесе қолдан жасалған нөмірлік белгілермен басқаруға қатысты. Сонымен қатар 1 100 көлік арнайы тұраққа қойылып, 800-ден астам мемлекеттік нөмірлік белгі тәркіленді.

Мысалы, Қостанай облысында жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген екі жолаушылар автобусы анықталды. Астанада жалған нөмірмен жүрген автокөлік тоқтатылды. Тексеру барысында аталған көліктің іздеуде тұрғаны анықталды. Павлодар облысында мемлекеттік нөмірсіз автокөлік басқарған жүргізуші тоқтатылды. Ол жылдамдықты асырған, полиция қызметкерінің тоқтау туралы талабын орындамаған және қауіпсіздік белдігін тақпай жүрген. Жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. ІІМ жүргізушілерге мемлекеттік нөмірлік белгілердің ресми және анық оқылатын болуы қажеттігін ескертеді. Мемлекеттік нөмірді рамкамен, пленкамен, пердемен және өзге де құрылғылармен жабуға жол берілмейді. Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар республика аумағында тұрақты негізде жүргізіледі. ІІМ азаматтарды осындай заң бұзушылықтардың куәсі болған жағдайда, "102" нөміріне хабарлауға шақырады. Министрлік жол қозғалысы ережелерін сақтауға және өз қауіпсіздігімен қатар, жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

 

  • 30.09.2026
  • 6
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

Сәденов Е.С.
(Мұрағат)

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика