• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәденов Е.С.
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ІІМ дәрілік заттардың заңсыз айналымына тосқауыл қойып жатыр

Жыл басынан бері ІІМ денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп, азаматтардың денсаулығын қорғауға және құрамында психотроптық, күшті әсер ететін заттар бар дәрілік препараттардың заңсыз айналымына тосқауыл қоюға бағытталған "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасын тоқсан сайын өткізіп келеді. Жүргізіліп жатқан жұмыс барысында кейбір дәріхана қызметкерлері, сондай-ақ фармацевтикалық қызметке қатысы жоқ өзге де тұлғалар тарапынан мұндай препараттарды дәрігердің рецептісінсіз сату фактілері анықталуда. Аталған препараттардың кәмелетке толмағандарға сатылуы ерекше алаңдаушылық туғызады. Мұндай дәрілік заттар тек дәрігердің рецептісі бойынша берілуі тиіс. Өйткені оларды бақылаусыз қолдану ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Операцияның кезекті кезеңі 21-25 қыркүйек аралығында өткізілді. Іс-шара барысында 1500-ден астам медициналық мекеме мен дәріхана, сондай-ақ 142 кәсіпорын тексерілді. 249 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Құрамында есірткі заттары бар 28 мың дәрілік препараттың айналымы шектелді. Сонымен қатар химиялық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымнан заңсыз айналымға өтуіне жол бермеу шаралары қабылданып жатыр. 675 тонна түрлі прекурсордың айналымы шектеліп, 90 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мысалы, Петропавлда жүзуден жаттықтырушы ұсталып, одан құрамында күшті әсер ететін заттар бар 56 таблетка тәркіленді. Түркістандағы дәріханалардың бірінде күшті әсер ететін заттарды лицензиясыз сату фактісі анықталып, 5 мыңнан астам таблетка тәркіленді. Оралда лицензиялау талаптарын бұзғаны үшін 500 тонна тұз қышқылының айналымы шектелді. ІІМ денсаулық сақтау және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, дәрілік заттардың заңсыз айналымының алдын алуға және азаматтардың, әсіресе жастардың оларды медициналық емес мақсатта тұтынуына жол бермеуге бағытталған жұмысты жалғастырады. Еске саламыз, биыл 1 қаңтардан бастап күшті әсер ететін заттарды заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Аталған құқық бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында 5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза көзделген.


 

  • 30.09.2026
  • 6
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

Сәденов Е.С.
(Мұрағат)

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика