- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Қадірлі ардагерлер, ардақты аға буын өкілдері! 1 қазан – Халықаралық қарттар күні құтты болсын!
Бұл – жас ұрпаққа тағылымды тәрбие беріп, еліміздің көркейіп дамуына сүбелі үлес қосқан аға буынға құрмет көрсетіп, алғыс жеткізетін айрықша күн. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында әрі ел болашағына деген нық сенімдеріңіз заманауи Қазақстанды қалыптастыруға негіз болды. Сіздер жас буынға өнеге көрсетіп, ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүр мен отбасылық тәрбиені дәріптеп келесіздер. «Қарты бар ел - қазыналы ел» деп бекер айтылмаған. Осы ретте баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін. Әр шаңырақта сыйластық пен жылулық орнап, бейнеттің зейнетін көре беріңіздер! Ізгі ниетпен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди ТАКИЕВ
- 01.10.2026
- 5


