• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәденов Е.С.
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ІІМ: Бір апта ішінде полицейлер мас күйде көлік жүргізудің 201 фактісінің жолын кесті

ІІМ: Бір апта ішінде полицейлер мас күйде көлік жүргізудің 201 фактісінің жолын кесті

Ішкі істер министрлігі заң мен тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz. Бір апта ішінде полиция қызметкерлері "ізін суытпай" бір адам өлтіру қылмысын, адам өліміне әкеп соққан үш ауыр қылмысты, 11 тонау, 218 ұрлық, сондай-ақ жеті мал және сегіз автокөлік ұрлығын ашты. Жол қауіпсіздігі басты назарда. Бір апта ішінде полиция қызметкерлері жол жүрісі қағидаларын бұзудың 10 мыңға жуық фактісінің жолын кесті. Оның ішінде көлік құралын мас күйде басқарудың 201 фактісі бар. Осындай жағдайлардың бірі түнгі уақытта Үштөбе қаласында болған. Полиция қызметкерлері Toyota Marino автокөлігін тоқтатқан. Рөлде 34 жастағы мас күйдегі ер адам отырған. Сот оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды. Дрифт жасап, өрескел заң бұзатындар да назардан тыс қалмады. Бір апта ішінде мұндай фактілер Астана, Қостанай және Шымкент қалаларында анықталып, жолы кесілді. Елордада екі жас жүргізуші Шәмші Қалдаяқов көшесінде дрифт ұйымдастырған. Екеуі де 10 тәулікке қамауға алынды. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды. Қостанайда дрифт жасау фактісі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жүргізушінің жеке басы жедел түрде анықталды. Оның жыл басынан бері жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін 16 рет жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Бұл жолы сот оған 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады. Шымкентте 18 жастағы Mercedes-Benz жүргізушісі дрифт жасап, түнгі уақытта тыныштықты бұзған. Ол да 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. 21 қыркүйектен бері республика бойынша 13 мыңнан астам заңсыз жазу мен граффити жойылды. Алты мыңнан астам әкімшілік іс қозғалды. Ең ауыр төрт факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оның біреуі - вандализм үшін, үшеуі - есірткі жарнамасына қатысты. Бұл ретте полицияның ұстанымы айқын: вандализмге, бөтеннің мүлкін бүлдіруге, қауіпті көлік жүргізуге және көлікті мас күйде басқаруға жол бергендер жауапкершіліктен жалтара алмайды.
 

  • 05.10.2026
  • 4
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

Сәденов Е.С.
(Мұрағат)

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика