- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
5 қазан - Ұстаздар күні құтты болсын!
Бүгін еліміздегі педагогтердің кәсіби мерекесі аталып өтіп жатыр. Ұстаз - абыройы асқақ, мәртебесі биік дара тұлға. Ізденіс, жасампаздық, табандылық, ұлағат - оның ұлылығын айшықтайтын қадір-қасиет. «Ұстазы мықтының - ұстанымы мықты», дейді дана халқымыз. Сіздердің жас ұрпақтың сауатын нығайтып, толық адамды қалыптастырудағы еңбектеріңіз орасан. Ағарту ісінен бөлек, тәлім-тәрбие берудегі рөлдеріңіз тіптен маңызды. Адал азаматты қалыптастыру жолындағы ұлы мақсаттарыңыз тек ізгі ықылас пен зор құрметке лайық. Жауапкершілігі мол, шыдамдылық пен шығармашылықты талап ететін кәсіптеріңіз берекелі болсын. Баршаңызға зор денсаулық, амандық және толағай табыс тілейміз! Шәкірттеріңіз білім шыңына жетіп, тек жеңіспен қуанта берсін!
- 05.10.2026
- 14


