- Блогтар
- Сәденов Е.С.
Сәденов Е.С.
ҚР Ішкі істер министрі
Ішкі істер министрі Ержан Саденов оқуда үздік нәтиже көрсеткен және ішкі істер органдарында қызметін бастаған жас офицерлермен кездесті.
Ішкі істер министрі Ержан Саденов оқуда үздік нәтиже көрсеткен және ішкі істер органдарында қызметін бастаған жас офицерлермен кездесті.
Олардың қатарында министрліктің ведомстволық оқу орындарының, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің жолдамасымен шетелде білім алған түлектер бар. Кездесу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери және арнайы оқу орындарының үздік түлектерін қолдау жөніндегі бастамасы аясында өтті. Президенттің тапсырмасымен үздік түлектерге алғаш рет «аға лейтенант» офицерлік атағы берілді. Мемлекет басшысы үздік түлектерге офицерлік погондарды жеке өзі табыстады. Қазіргі таңда олар қызметке кірісіп, алған білімдерін іс жүзінде қолдануда.
Ержан Саденов жас офицерлермен қызметтегі алғашқы айлары, кездескен қиындықтар, кәсіби жоспарлар мен болашақ мансаптық даму мәселелерін талқылады. Министр Мемлекет басшысының оларға артқан сенімі білімдерін жоғары бағалау ғана емес, ең алдымен, үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. «Заң және тәртіп» қағидатына ерекше назар аударылды. Жас офицерлерден кәсібилік пен адалдық таныту, үздіксіз даму және жұмыста нақты нәтижелерге қол жеткізу талап етіледі.
- 05.10.2026
- 4


