• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Оңдасын Оразалин көктемгі егіс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында ауыл шаруашылығын дамыту сұрақтары талқыланды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері бейнебайланыс арқылы қатысты.
Өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты Оңдасын Оразалин медициналық мекемелерді дәрілік заттармен қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуді, шағын және орта бизнес субъектілеріне шектеу шараларын сақтау керектігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, жиын барысында қатысушылардың назарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеклип ұсынылып, оның алдын алу жолдары туралы ақпарат берілді.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылхан Әбтиев 2020 жылы ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстардың нәтижелері жайында ақпарат берді.
Оның сөзінше, пандемияға қарамастан былтырғы жылдың қорытындысы бойынша аталмыш салада оң динамика сақталған.
«Ауылшаруашылығын мемлекеттік қолдау мақсатында былтыр 19,2 млрд. теңге субсидия төленді. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында 28,9 млрд. теңгеге жеңілдетілген несиелер берілді, соның ішінде «Еңбек» бағдарламасы бойынша 857 жобаны жүзеге асыруға 3,7 млрд. теңге бөлініп, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша  5,5 млрд. теңгеге тоқсан жоба қолдау тапты. Нәтижесінде, 324,7 млрд теңгеге өнім өндірілді. Өсім 6,7%-ды құрады», - деді баяндамашы.
Ірі қара мал басы 7,7% өсіп, 531,4 мың басты құраса, ұсақ мал 2,3% өсіп, 1153,4 мың басқа, жылқы 23,4% өсіп, 178,1 мың басқа жетті. Асыл тұқымды ірі қара мал 11,8%, қой 13,3%, жылқы 18,2% көбейді. Егін шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарына 863,1 миллион теңге субсидия төленді. 513,8 мың тонна дәнді дақыл, 35,4 мың тонна майлы дақыл жиналды. Мемлекет басшысының суармалы жерлерді ұлғайту бойынша тапсырмасына сәйкес 10,6 мың гектарды тұрақты суармалау және 24,8 мың гектарды көлдетіп суаруды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.  Жобалар Мәртөк, Қобда, Ойыл аудандары мен Ақөбе қаласында жүзеге асырлып жатыр. Биыл осындай жобалар Қарғалы, Әйтеке би, Хромтау аудандарында бастау алмақ. Өткен жылы 9,2 млрд. теңгеге 929 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынса, оның ішінде түрлі модификациядағы 287 трактор, 20 астық жинау комбайны, 26 бірлік астық өңдейтін техника, 412 бірлік азық дайындайтын техника және т.б. бар. Ауыл шаруашылығы техниксының паркін жаңартуда Қазақстан бойынша ең жоғарғы көрсеткішке қол жетті.

  • 08.04.2021
  • 272
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика