• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Такиев М.Т.
Такиев М.Т.

ҚР Қаржы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР Үкімет отырысында биылғы 9 айдағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы қорытынды есепті таныстырдым.

Аталған кезеңде мемлекет тарапынан әлеуметтік міндеттемелер қаржыландырылды. Бұл ретте республикалық бюджеттің кірісі жоспарланған көрсеткіштерге жақын екенін айта кеткен орынды. Ал жергілікті бюджеттер бойынша жыл соңына дейін қосымша шараларды қабылдауды талап ететін ауытқулар бар.

Трансферттерді есепке алмағанда, мемлекеттік бюджеттің кірісі 20,2 трлн теңгеге артты немесе жоспарға сәйкес – 98,5%. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда түсім 16,3% немесе 2,8 трлн теңгеге ұлғайды. Бұған экспорт тауарларының әлемдік бағасы, сауда айналымдарының өсімі және салық мөлшерлемесіне байланысты өзгеріс әсер еткен. Осы факторлардың әсерін ескеріп, жыл соңына дейін күш-жігерімізді салық базасын кеңейтуге және басқару сапасын арттыруға бағыттаймыз. Бір мезгілде бизнеске ҚҚС қайтаруды жалғастырып келеміз: есепті кезеңде 811,5 млрд теңге қайтарылды.

Мемлекеттік бюджет шығыстары 98% орындалып, қаржыландыру көлемі 26,2 трлн теңгеге артты. Республикалық бюджеттің шығыстары 99,6% орындалды. Зейнетақы мен жәрдемақыға 5,3 трлн теңге, өңірлерді қолдауға 4,4 трлн теңге, нақты секторды қолдауға 2 трлн теңге бағытталды. Біз үшін бюджетте қарастырылған қаражат мөлшерінде тиісті міндеттемелерді уақтылы қаржыландыру басты назарда.

Жергілікті бюджеттердің атқарылуына баса мән беріліп келеді. Олардың кірісі 6,9 трлн теңгеге немесе жоспар бойынша 96,1% ұлғайды. Жоспар 9 өңірде орындалған жоқ: ауытқулар Атырау, Павлодар және Маңғыстау облыстарында байқалған. Ал орындалмаған жергілікті бюджет шығыстарының мөлшері – 458,4 млрд теңге. Осы ретте әкімдіктер мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп, өз әлеуетін дұрыс пайдаланып, ал бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері бюджетті уақтылы және сапалы атқару үшін тиісті шаралар қабылдау қажет деп санаймын.

Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру жалғасып жатыр. Арнаулы мемлекеттік қор есебінен жалпы құны 617,7 млрд теңгеге 501 жоба іске асырылып келеді. 351 нысан аяқталды. Инфрақұрылымдық даму қоры есебінен денсаулық сақтау, сумен жабдықтау және көлік саласын қоса алғанда, жалпы құны 1,5 трлн теңгеге 262 жобаға қаражат бөлінді. Бұл орайда аталған нысандардың толыққанды жұмыс істегені маңызды. Сол себепті олардың құрылысы мен түптеп келгенде іске қосылуына ерекше назар аударған жөн.  

Сондай-ақ әлеуметтік саладағы қаржыландыру ісін цифрландыру қарқын алады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мониторинг пен антифрод-бақылаудың арқасында 9 айда 23,4 млрд теңгеге қаржылық шығындардың алдын алды. Білім беруді қаржыландырудың цифрлы жүйесіне 6 634 мектеп қосылды, ал көшірме мәліметтер мен жалған есепті анықтауға байланысты мектеп контингентін салыстыру 34 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді. Осы құралдарды бірізді түрде дамытып, бюджеттің атқарылуына мониторинг жүргізуді және мемлекеттік міндеттемелерді уақтылы қаржыландыруды нығайтатын боламыз.

  • 13.10.2026
  • 35
Такиев М.Т.

ҚР Қаржы министрі

Такиев М.Т.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика