• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Такиев М.Т.
Такиев М.Т.

ҚР Қаржы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР Құрылтайының жалпы отырысында «2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасын таныстырдым. Аталған құжат 2030 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде дайындалып, онда қазіргі экономикалық ахуал, бюджеттік және макроэкономикалық сын-қатер ескерілген.

Бюджетті қалыптастыру кезінде экономикалық өсімді ынталандыру, қаржы саласындағы тәртіп пен мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін күмәнсіз орындау арасындағы тепе-теңдікті сақтауға баса мән бердік. 2027 жылы республикалық бюджеттің кірісі 25,4 трлн теңге, ал шығыстар 30,2 трлн теңге мөлшерінде болжанған. Тапшылық – 4,6 трлн теңге немесе ІЖӨ шаққанда 2,3% болады. 2029 жылға қарай меншікті кірісті 23,4 трлн теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Бюджет жобасының басты назарында – адамға бағдарланған инвестиция. 2027 жылы адами капиталға 10,5 трлн теңге немесе бюджеттің жалпы көлемінің 35% қарастырылған. Оның 6,9 трлн теңгесін әлеуметтік көмек пен қамсыздандыруға, 2,5 трлн теңгесін денсаулық сақтау саласына бөлінетін болады. Білім беру мен ғылым саласын, педагогтерді даярлауға және студенттерді жатақхана орнымен қамтуға байланысты қаржыландыру жалғасады.

Біз өңірлерді дамытуға ерекше назар аударып келеміз. Жыл сайын осы мақсатқа 7,4 трлн теңге немесе бюджеттің 24,8% бағыттау қарастырылған. Жалпы сипаттағы трансферттер 12 базалық бағыт бойынша Өңірлік стандарттар жүйесімен байланыстырылған. Бұл азаматтарға қажетті әлеуметтік және коммуналды инфрақұрылымға қаражат жұмсауға және өңірлердің қаржылық мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

2027 жылы нақты секторды дамытуға 3,7 трлн теңге бөлу көзделген. Бұл 2026 жылғы жоспардан 600 млрд теңгеге көп. Экономиканың дамуын ынталандыратын шығыстардың жалпы көлемі – 7,5 трлн теңге. Ұлттық қор есебінен үшжылдық кезеңде 347 стратегиялық жобаны іске асыру жоспарланған. Оның нәтижесінде 31 мың жұмыс орнын ашып, шамамен 13 млн адам инфрақұрылымдық игіліктерге қол жеткізеді.

Бюджет жобасы Құрылтайдың жұмыс топтары мен комитеттерінде талқыланып жатыр. Біздің міндет – әлеуметтік және мемлекеттік міндеттемелердің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, қаржы жүйесінің орнықтылығын нығайту және экономикалық өсім мен инвестиция тартуға жайлы жағдай жасау.

  • 16.10.2026
  • 6
Такиев М.Т.

ҚР Қаржы министрі

Такиев М.Т.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика