• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қостанай облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі ірі су шаруашылығы нысандарының жұмысымен және алдағы су тасқыны кезеңіне дайындығымен таныстым.

Тобыл қаласында облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен бірге елді мекенді тасқын судан қорғауға арналған бөгетке бардым. Былтыр нысанда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған. Жұмыс барысында су өткізу құбырлары орнатылып, құбырлар мен бетон алаңдарға гидрооқшаулау жұмыстары жүргізілді.

Жобаны іске асыру нәтижесінде Тобыл қаласындағы 3 500-ге дейін тұрғын үйді, әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындарды су басудан қорғауға мүмкіндік туды.

Одан кейін Рудный қаласындағы Қаратомар су қоймасына бардым. Сыйымдылығы 586 млн текше метрге дейін жететін бұл нысан жергілікті тұрғындарды, сондай-ақ өңірдің ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібін сумен қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта қоймада 391,2 млн текше метр су жиналған. Биыл су қақпаларын жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қаратомар су қоймасында «Қазсушар» РМК Қостанай филиалының мамандарымен кездестім. Әңгіме барысында Су ресурстары және ирригация министрлігі кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған шараларды жыл сайын жүзеге асырып келе жатқанын атап өттім.

2024 жылдан бастап «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын көтеріп келеміз. Екі жыл ішінде кәсіпорындағы орташа жалақы мөлшері екі еседен астам өсті. Биыл механизаторлардың жалақысы да көтерілді. Олардың іссапар шығындары да өтеледі. Бұдан бөлек, гидротехникалық құрылыстарды салу, реконструкциялау және тазалау жұмыстарын тиімді жүргізу үшін барлық филиал жыл сайын жаңа арнайы техникамен қамтамасыз етіледі.

Лисаков қаласында Жоғарғы Тобыл су қоймасының жұмысымен таныстым. Қазіргі уақытта сыйымдылығы 816,6 млн текше метрге дейін жететін нысан 73%-ға толған. Биыл нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жоғарғы Тобыл су қоймасын аралап, «Қазсушар» РМК-ның жас мамандарымен кездесіп, елімізде су саласының кадрлық әлеуетін арттыру бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы әңгімелестім.

Бұл мақсатта жастарды су саласына тарту бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Мәселен, су мамандықтары бойынша оқуға түсетін талапкерлерге арналған білім беру гранттарының саны артып келеді. Сонымен қатар «Қазсушар» РМК нысандарында өндірістік тәжірибеден өтетін студенттердің саны да көбейіп жатыр.

Бұдан бөлек, Қытай мен Венгрияның жоғары оқу орындарымен қос дипломды білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда. Министрлік құрылғаннан бері қазақстандық су саласының мамандары шетелде тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттыру курстарына қатысып келеді. Қазіргі уақытта шетелде шамамен 500 адам білім алды.

  • 19.10.2026
  • 6
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

Нұржігітов Н.М.
(Мұрағат)

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика