- Блогтар
- Сәденов Е.С.
Сәденов Е.С.
ҚР Ішкі істер министрі
Қазақстан киберқылмысқа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда
2026 жылғы 12-16 қазан аралығында Страсбург қаласында (Франция) Еуропа Кеңесінің киберқылмыс туралы Конвенциясы (T-CY) комитетінің 35-ші пленарлық сессиясы, сондай-ақ Будапешт Конвенциясының 25 жылдығына орай "Octopus 2026" халықаралық конференциясы өтуде.
Аталған іс-шараларға ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы қатысады. Пленарлық сессия шеңберінде киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, ақпарат алмасу тетіктерін жетілдіру, құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын нығайту және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі бірлескен шараларды әзірлеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қаралады. Қазақстандық делегацияның осы іс-шараларға қатысуы халықаралық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға, озық тәжірибемен алмасуға және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған
- 20.10.2026
- 6


