- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Қазақстан Өзбекстан және Пәкістанмен кеден саласындағы ынтымақтастықты нығайтып келеді
Бүгін депутаттардың назарына кеден саласындағыхалықаралық келісімдерді ратификациялау туралы екі заңжобасын ұсындым. Бірінші құжатта Қазақстан мен Өзбекстанның кеден қызметтерінің өкілдіктерін ашу, екіншісінде Қазақстан мен Пәкістанның кеден органдарыарасындағы ынтымақтастық пен өзара әкімшілік көмекқарастырылған.
Екі келісім де құзырлы органдардың тұрақты өзара іс-қимылына құқықтық және ұйымдастырушылық негіздердіқалыптастырады. Онда жедел ақпарат алысу, бірлескеншараларды келісу және іс-қимылдарды, оның ішінде кеденсаласындағы сын-қатердің алдын алу мен жолын кесужөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру көзделген.
Өзбекстанмен арадағы ынтымақтастық ортақ шекаралықаймақтағы қарқынды қозғалысты ескерсек, ерекшепрактикалық маңызға ие. Бүгінде мұнда 11 өткізу пунктіжұмыс істеп тұр — 8 автомобиль және 3 теміржол өткізуорны бар. 2025 жылы «Қапланбек», «Қазығұрт» және«Атамекен» ӨП жаңарту аяқталды. Жақын арада «ЖібекЖолы» пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Тоғыз айда шекарадан 650 мыңға жуық көлік өткен.
Өкілдіктердің ашылуы Қазақстан мен Өзбекстанныңкеден қызметтеріне тұрақты жұмыс байланысын сақтауғажәне практикалық мәселелерді тезірек шешуге мүмкіндікбереді. Бұл тетік кеден қызметін басқарудың тиімділігінарттырады, экономикалық қауіпсіздікті нығайтады жәнеөзара сауданың одан әрі дамуына әсер етеді деп сенемін.
Пәкістанмен арадағы келісім ақпарат алысу және өзараәкімшілік көмекті жүйелі түрде құруға мүмкіндік береді. Ақпаратты уақтылы алу және шараларды келісу кеденоргандарының өзара іс-қимылының жеделдігін арттырадыжәне сауда-экономикалық байланыстарды бірізді дамытуүшін жайлы жағдайлар жасайды.
Екі келісімді орындау мемлекеттік бюджеттен қосымшашығыстарды немесе кеден заңнамасына өзгерістер енгізудіқажет етпейді және бюджеттің кіріс бөлігіне кері әсерінтигізбейді. Депутаттар заң жобаларын қолдайды дегенсенімдемін. Әріптестерімізбен сындарлы және өзара тиімдіынтымақтастықты нығайтуды жалғастыратын боламыз.
- 21.10.2026
- 22


