• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әлиев Ж.Ш.
Әлиев Ж.Ш.

ҚР Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
* 29-31 наурыз аралығында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің басшылығымен Ақтөбе облысына үш күндік жұмыс сапары өтті. Екі күндік сапардың басында біз көптеген кәсіпорындар мен маңызды нысандарда болып үлгердік, олардың ішінде: Ақтөбе ферроқорытпа зауыты (АФЗ), хром қосылыстары кәсіпорны (АХҚЗ), "AKTOBESU-ENERGY GROUP"АҚ-ның кәріз-тазарту құрылыстары. Сонымен қатар, Бестамақ ауылындағы танымал проблемалық шошқа фермасына бардық.

* 29-31 наурыз аралығында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің басшылығымен Ақтөбе облысына үш күндік жұмыс сапары өтті. Екі күндік сапардың басында біз көптеген кәсіпорындар мен маңызды нысандарда болып үлгердік, олардың ішінде: Ақтөбе ферроқорытпа зауыты (АФЗ), хром қосылыстары кәсіпорны (АХҚЗ), "AKTOBESU-ENERGY GROUP"АҚ-ның кәріз-тазарту құрылыстары. Сонымен қатар, Бестамақ ауылындағы танымал проблемалық шошқа фермасына бардық.

* Ақтөбе ферроқорытпа зауытының (АФЗ) басшылығы қабылдаған бағдарлама бойынша тазарту сүзгілері орнатылатын болады және 2030 жылға дейін шығарындылар 40% - ға азаяды. Зауыт басшылығына қол жетімді ең жақсы технологияларға көшуді жеделдету және 2022 жылы хромшпинельді ұнтақты 500 мың тоннаға дейін кәдеге жаратуды қамтамасыз ету тапсырылды.

* Жаңа технологияларды қолдану нәтижесінде өткен жылы Ақтөбе хром қосылыстары зауытымен атмосфераға эмиссия көлемі 1,4 есеге төмендетілді. Бұл кәсіпорын ірі кәсіпкерлік субъектісі бойынша қауіптіліктің бірінші санатына жатады. АХҚЗ кәсіпорнын аралау кезінде зауыт басшылығын Елек өзенінен алты валентті хромды кері айдау үшін хром дренажын орнату мәселесін қарастыру ұсынылды.

* Тозған кәріздік-тазарту құрылыстары – Ақтөбе өңірінің басты проблемаларының бірі. Олар қаланың экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына теріс әсер етеді. Аймақ басшысымен жаңа тазарту станциясын салу мәселесі талқыланды.

* 2020 жылдың қараша айында Бестамақ ауылының тұрғындары қоршаған ортаға үлкен зиян келтіретін және экологиялық талаптарды бұзатын шошқа фермасын жабуды талап етті. Бұл фермаға жоспардан тыс тексеру нәтижесінде ластауыш заттардың шығарындылары, қалдықтарды көму және өндірістік сарқынды суларды ағызғаны үшін 7 млрд.теңгеге айыппұл салынды. Сот шешімімен қазір мұнда көң қоймасының қызметі тоқтатылды және сарқынды суларды жинағыш тоғандарға және жер бедеріне ағызуға тыйым салынды. Сонымен қатар, шошқа фермасы ағымдағы жылдың шілдесіне дейін рекультивацияны жүргізуге, бағытын өзгертуге немесе жұмысты толығымен тоқтатуға міндетті.

 

Жұмыс сапары барысында Ақтөбеде жаңа экологиялық кодекс нормаларын түсіндіру бойынша жұртшылықпен (экобелсенділер, блогерлер) және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізілді. Барлық қатысушылардың баяндамалары Кодекстің түсіндірілуіне және оның артықшылықтарына бағытталды. Алдағы уақытта Кодекс Ақтөбе облысында бірыңғай экологиялық ақпараттық алаң құруға жол ашатынына сенімдімін.

 

Біздің сапарымыздың соңғы күні Орынбордағы комиссия құрамында өтті, онда Қазақстан мен Ресейдің экология министрлері қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы бірлескен шараларды талқылады. Кездесу барысында екі маңызды мәселе талқыланды. Біріншісі судың жеткілікті ағуына қатысты болса, екіншісі Жайық (Орал) өзені бассейнінің экожүйесіне және оның ластану проблемасына қатысты болды. Нәтижесінде ластанудың барлық ықтимал көздерін анықтау мақсатында Ақбұлақ ауданының аумағы мен Орынбор облысының Соль-Илецк қалалық округі бойынша Жайық (Орал) өзеніне құйылғанға дейін Илек (Елек) өзеніне толық ауқымды зерттеу жүргізу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, қазақстандық тарап Батыс Қазақстан облысындағы атмосфералық ауаның трансшекаралық ластану проблемасын да қозғады. Мәселені шешу ретінде қазақстандық ведомство басшысы атмосфералық ауаның ластану деңгейіне бірлескен мониторинг пен талдау жүргізуді, Қазақстан мен Ресей тарапынан автоматты бақылау бекеттерін орнатуды, сондай-ақ мұнай-газ компанияларының қызметіне бақылауды күшейтуді ұсынды.

 

  • 08.04.2021
  • 531
Әлиев Ж.Ш.

ҚР Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі

Әлиев Ж.Ш.
(Мұрағат)

ҚР Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика