- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев БҰҰ Бас хатшысының балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері жөніндегі арнайы өкілімен кездесті
Бүгін БҰҰ Бас хатшысының балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, медицина ғылымдарының докторы Наджат Маалла Мджидпен кездесу өткіздім.
Кездесу барысында балалардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік шаралар мен бағдарламаларды іске асыру, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ осы салада бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру мәселелерін талқыладық.
Балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау жүйесін нығайту және өскелең ұрпақ үшін қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аудардық.
Бұл міндеттерді шешу мемлекеттік бастамаларды жүйелі түрде іске асыруды және халықаралық серіктестермен сындарлы өзара іс-қимылды талап етеді деп санаймын.
Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастыққа дайын екенімізді растап, балалардың құқықтарын қорғау және олардың жарқын болашағы үшін қолайлы жағдайлар жасау бағытындағы бірлескен жұмысты дамытуға мүдделілік білдірдік.
- 27.10.2026
- 9


