- Блогтар
- Дүйсембиев Ж.Ж.
Дүйсембиев Ж.Ж.
ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
Дүниежүзілік банк Қазақстандағы салықтық тәуекелдерді басқару жүйесін зерделеді: тараптар жасанды интеллект пен аналитиканы қолдану мәселелерін талқылады
2026 жылғы 12–16 қазан аралығында Дүниежүзілік банктің өкілдері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне техникалық жұмыс сапарымен келді. Сапар Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы (БЭЗБ) шеңберінде ұйымдастырылды.
Сапардың негізгі мақсаты Қазақстанда салық заңнамасының сақталмау тәуекелдерінің қалай анықталып, бағаланатынын зерделеу, сондай-ақ қазіргі заманғы технологиялар, аналитика және жасанды интеллект салықтық әкімшілендірудің дәлдігі мен тиімділігін қалай арттыра алатынын айқындау болды.
Жұмыс кездесулері барысында Дүниежүзілік банктің өкілдері МКК-ның салықтық тәуекелдерді басқару жөніндегі қолданыстағы тәсілдерімен, цифрлық шешімдерімен, деректер архитектурасымен және аналитикалық жүйелерімен танысты.
Сапар қорытындысы бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу және одан әрі ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау жоспарлануда.
Оларды іске асыру салықтық тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіруге, МКК-ның аналитикалық әлеуетін дамытуға және салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Тараптар алдағы жұмыс кездесулері аясында бірлескен жұмысты және тәжірибе алмасуды жалғастыруға уағдаласты.
- 31.10.2026
- 10


