• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Такиев М.Т.
Такиев М.Т.

ҚР Қаржы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Finance Chess Cup: қаржы қауымдастығын біріктіретін дәстүр

30–31 қазанда Астанада Finance Chess Cup – 2026 екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған салалық шахмат турнирі өтті. Оған мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының және квазимемлекеттік сектор ұйымдарының өкілдері қатысып, турнир спорттық бәсекемен қатар кәсіби қарым-қатынас алаңына айналды.

Өткен жылы бастау алған бастаманың биыл да жалғасын тапқаны ерекше қуантады. Қатысушылар саны артып, турнир қаржы қауымдастығының маңызды іс-шараларының біріне айналып келеді. Мұндай формат әріптестердің бір-бірін жақынырақ тануына, тәжірибе алмасуына, ведомстволар мен ұйымдар арасындағы өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Жарыс қорытындысы бойынша ауыспалы кубокты Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы жеңіп алды. Екінші орынды Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің командасы, үшінші орынды Түркістан облысының командасы иеленді.

Шахмат стратегиялық ойлауды, дәл есептеуді, сабырлылықты және әрбір қабылданған шешім үшін жауапкершілікті талап етеді. Бұл қасиеттер қаржы саласының мамандары үшін аса маңызды. Өйткені біздің жұмысымыз да жүйелі талдауды, тәуекелдерді бағалай білуді және қабылданған шешімдердің ұзақ мерзімді салдарын болжауды қажет етеді.

Біз Finance Chess Cup турнирін одан әрі қолдап, жаңа командалардың қатысуына жағдай жасауды жалғастырамыз. Турнир әріптестерді біріктіретін, командалық мәдениетті нығайтатын және жұмыс кабинеттерінен тыс кәсіби қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін тұрақты жыл сайынғы дәстүрге айналады деп сенемін.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймын! Барлық қатысушыларға тартысты ойын, жеңіске деген жігер және қарсыластарына деген құрмет үшін алғыс білдіремін. Finance Chess Cup турниріне одан әрі даму, жарқын партиялар мен жаңа жетістіктер тілеймін!

  • 02.11.2026
  • 12
Такиев М.Т.

ҚР Қаржы министрі

Такиев М.Т.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика