- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Азия Даму Банкімен әріптестік: басымбағыттарды қаржыландыру
Депутаттардың қарауына «ҚазақстанРеспубликасы мен Азия Даму Банкі арасындағықарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын ұсындым. Мемлекет басшысыныңЖарлығына сәйкес 2026 жылғы 11 қыркүйекте 3,4 млрд қытай юані сомасына қарыз туралы келісімгеқол қойылды.
Бұл қаражат Үкіметтің бірінші кезектегішараларын қолдауға және ел үшін маңыздыбағыттарды, соның ішінде көлік инфрақұрылымын, өнеркәсіп пен білім беру салаларынқаржыландыруға мүмкіндік береді.
Қарыз Қазақстанға үш жылдық жеңілдік кезеңінқоса алғанда, 15 жыл мерзімге беріледі. Жылдықсыйақы мөлшерлемесі 1,69%-ды құрайды. Қарызғақызмет көрсету және оны өтеу келісімдебелгіленген шарттарға сәйкес республикалықбюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Қазақстан Азия Даму Банкімен 1994 жылданбері ынтымақтастық орнатып келеді. Осы уақытішінде тартылған инвестициялардың жалпы көлемішамамен 8,7 млрд АҚШ долларына жетті. Банктіңқатысуымен бірқатар жобалар іске асырылып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуынабағытталған техникалық көмек пен гранттарберілуде.
Халықаралық қаржы ұйымдарынан ұзақмерзімді жеңілдетілген қаржыландыру тарту –экономикалық өсуді қолдаудың кеңіненқолданылатын құралы. Бұл ретте Қазақстанныңборыштық көрсеткіштері Мемлекеттік қаржыныбасқару тұжырымдамасында белгіленген рұқсатетілген шектерде қалып отыр. Еліміздің қаржылықорнықтылығы тұрақты болжамы бар жоғарыкредиттік рейтингтермен расталады.
Келісімді ратификациялау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкепсоқпайды. Азия Даму Банкімен одан әріынтымақтастық басым жобаларды іске асыруғажәне Қазақстан экономикасының орнықтыдамуына ықпал ететініне сенімдімін.
- 04.11.2026
- 10


