- Блогтар
- Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиевтің төрағалығымен өткен Қазақстан мен Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің 14-інші отырысына қатыстым.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп басқару, сондай-ақ су шаруашылығы инфрақұрылымының тиісінше пайдаланылуы мен күтіп-ұсталуын қамтамасыз ету бағытындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту болды.
Талқылау барысында осы саладағы ынтымақтастықты дамыту су ресурстарын ұтымды пайдалануға, өзара сенімді нығайтуға және екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге маңызды үлес қосатыны атап өтілді.
- 05.11.2026
- 8


