- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Мәди Такиев Оман елшісімен өзара қаржы-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады
Оман Сұлтандығының Қазақстан Республикасындағы елшісі Салах Джабубпен кездесудің сәті түсті.
Өз тарапымнан мәртебелі мейманды елшілік қызметке тағайындалуымен құттықтап, оның жауапты миссиясына сәттілік тіледім. Қазақстан Оманмен достық және өзара тиімді қарым-қатынасты нығайтуға ерекше мән беріп келеді.
Елдеріміз арасында экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге негіз болатын сындарлы диалог қалыптасты. Кездесу барысында біз екіжақты қаржы-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқыладық. Оман Сұлтандығының Еуразиялық даму банкіне қосылу үдерісі шеңберінде одан әрі өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.
Біз бұл процесті инвестициялық байланыстарды дамытудың және бірлескен бастамаларды іске асырудың қосымша мүмкіндігі ретінде қарастырып отырмыз. Қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық тұрғыда дәйекті түрде орындау және екі елдің мүдделі ұйымдары арасындағы тікелей байланыстарды кеңейту маңызды. Кездесу қорытындысы бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға мүдделі екенімізді растадық.
Бірлескен жұмыс ынтымақтастықтың қолда бар әлеуетін ашуға және Қазақстан мен Оман арасындағы қаржылық-экономикалық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік беретініне сенімдімін.
- 09.11.2026
- 15


