• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қарағанды облысында биыл барлығы 14 жаңа өндіріс іске қосылып, 2600 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде облысқа 6 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылды. Осы арқылы 130-дан астам ірі және орта кәсіпорындар іске қосылды. Оның ішінде шетелдік компаниялардың қатысуымен құрылған кәсіпорындар бар.

Өкінішке қарай, олардың арасында, толық қуатына шықпай, жабылған өндірістер де болды. Бұл ретте «КазАвиаСпектр» ауылшаруашылық ұшақтарының өндірісі жиі мысалға келтіріліп жатады. Бұл қатарда шамамен 4 жыл жұмыс істеген Kaztherm болат панельді радиаторлар зауыты да бар. Өткен жылы Tau-Ken Temir кремний зауыты жабылды. Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қолда бар қуаттардың базасында болат балқыту және ферроқорытпа өндірісін іске қосу бойынша екі инвестормен келіссөздерді жүргізуде.

Бірақ статистикалық тұрғыдан алғанда аймақтағы банкрот болған компаниялардың үлесі өндірістің жалпы санының бір пайызынан да аспайды. Мысалы, АҚШ-та жыл сайын компаниялардың 10% банкротқа ұшырайды. Бұл табиғи экономикалық процесс.

Соңғы жылдары іске қосылған жобалардың 95% - дан астамы табысты жұмыс істеп, бастапқы кезеңнің қиындықтарын еңсеріп, көбісі ірі салық төлеуші және жұмыс берушіге айналды. Бұл қуантарлық жайт.

Соңғы 10 жылда ашылған осындай өндірістердің қатарында «Борусан Макина Қазақстан» ауыр техникаға қызмет көрсету орталығы бар. Осы орталықтың арқасында біздің кәсіпорындарымыз шет елдерде мегамашиналарды жөндеу бойынша үлкен шығындарын қысқарта алды.

Бұл қатарда пандемия кезінде «Спутник V» вакцинасын шығара бастаған Қарағанды фармацевтикалық кешені бар. Осы айда мұндағы вакцина өндіру көлемі 1 млн дозаға дейін ұлғайтылады.

Осакаров ауданында «Евразия Инвест Ltd» ЖШС неміс технологиясы бойынша табиғи бие сүтінен құрғақ ұнтақ шығаруды жолға қойды.

Тау-кен және мұнай компанияларының сұранысын қанағаттандыру үшін Karazhal Operating барит кенін қайта өңдейтін зауыт, Maker ЖШС машина жасау зауыты, YDD Corporation ферросилиций өндіру зауыты, «Бёмер» шарлы крандар мен ілмекті арматура өндірісі, Seven Refractories Asia отқа төзімді материалдарды өндіру бойынша заманауи жоғары технологиялық зауыттары ашылды.

Еліміз үшін сирек кездесетін кәсіпорындар да бар. Мысалы, Recycling Company компаниясы пайдаланудан шыққан көлік құралдарын кәдеге жаратып, синтез газ бен пеш отынын шығарады.

«Сарыарқа» ЕЭА аумағында 8 өндіріс жұмыс істейді, 12 өндіріс әлі іске асырылу сатысында. 2020 жылы ЕЭА аумағында екі жоба іске асырылды. Олардың қатарында Steel Manufacturing ЖШС жез бұйымдарын өндіру және Polymet Solutions Corporation резеңке техникалық бұйымдар өндірісі бар. Сонымен қатар өнеркәсіптік жарылғыш заттарды шығаратын зауытты іске қосу және 4 жобаның құрылысын бастау жоспарланған.

Жақын арада іске қосылатын нысандардың қатарында Жәйремдегі байыту фабрикасы, Қарағандыдағы ферроқорытпа зауыты және «Қазкарбон» агломерациялық фабрикасын, Саран қаласындағы автобус өндірісінде ұсақ тораптарды құрастыруды іске қосу жоспарланып отыр.

Биыл барлығы 14 жаңа өндіріс іске қосылып, 2600 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі.

  • 09.04.2021
  • 405
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

Бөлекпаев Е.Қ.
(Мұрағат)

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика