• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосымбаев Т.Е.
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Тарифтер, жаңғырту және тұтынушылардың құқықтары: Комитетпен ашық диалог

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті онлайн форматта кезекті ай сайынғы қоғамдық қабылдау өткізді.

Кездесу барысында Комитет өкілдері электр және жылу энергетикасы, газбен жабдықтау және теміржол көлігі салаларындағы тарифтік реттеудің өзекті мәселелеріне тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Жылыту маусымына дайындық, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, инвестициялық бағдарламаларды іске асыру және табиғи монополиялар субъектілері шығындарының негізділігін бақылау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға тарифтер мен бағаларды қалыптастыру тетіктері, сондай-ақ олардың негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында Комитет қабылдап жатқан шаралар түсіндірілді.

Сонымен қатар, табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері қаралды. Қатысушылар коммуналдық желілерге қосудың үлгілік қағидаларының бекітілуі, техникалық шарттарды берудің электрондық тетігінің енгізілуі және реттеліп көрсетілетін қызметтермен технологиялық байланысты қызметтер тізбесінің айқындалуы туралы хабардар етілді. Аталған өзгерістер рәсімдерді жеңілдетуге және тұтынушыларға қызмет көрсету ашықтығын арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруды, тарифтерді қалыптастыруды және инвестициялық бағдарламаларды реттейтін нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер таныстырылды. Шығындардың негізділігіне, жобаларды қаржыландырудың ашықтығына және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне бақылауды күшейтуге ерекше көңіл бөлінді.

Қоғамдық қабылдау барысында қатысушылар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер алды.

Мұндай кездесулерді өткізу тарифтік реттеудің ашықтығын қамтамасыз етуге, халықтың хабардарлығын арттыруға және тұтынушылармен кері байланысты нығайтуға ықпал етеді.

  • 16.11.2026
  • 7
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

Қосымбаев Т.Е.
(Мұрағат)

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика