- Блогтар
- Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
«Су ресурстарын басқару: стратегия және цифрлық трансформация» тақырыбындағы Қазақстанның су саласын дамытудың өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстелге қатыстым
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының, шетелдік даму агенттіктерінің, халықаралық сараптамалық ұйымдардың, технологиялық компаниялардың және ғылыми қауымдастықтың өкілдері жиналды. Қатысушылар су саясаты саласындағы мемлекеттік басымдықтарды, бассейндік жоспарларды іске асыруды, су шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуды және салаға инвестиция тарту мәселелерін талқылады.
Су саласын цифрлық трансформациялауға да ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін дамыту, цифрлық мониторинг пен болжам жасау, ақпараттық жүйелерді интеграциялау және су ресурстарын басқару тиімділігін арттыру үшін заманауи технологияларды қолдану мәселелері қаралды.
Дөңгелек үстел аясында су ресурстарын басқару саласындағы әріптестікті нығайтуға және өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумдармен алмасу рәсімі де өтті.
- 26.11.2026
- 33


