- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2021 жылғы 11-16 наурызға арналған Каспий теңізі деңгейінің болжамы
Каспий теңізінің қайраңы орта есеппен 100 м тереңдікте шектелген, қайраңның жиегінен төмен басталатын материктік беткей орта бөлігінде шамамен 500 - 600 м тереңдікте, оңтүстік бөлігінде өте тік, 700-750 м тереңдікте аяқталады.
«Қазгидромет» РМК апта сайын Каспий теңізі деңгейінің болжамын жасайды. Орта Каспийде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 28,02 дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,80 м дейін төмендеп, минус 28, 34 м шамасында болады деп күтілуде.
Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-да Каспий теңізінің жағдайына бейімделген Дат гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану кезінде алынды. Есептеу кезінде теңіз деңгейін бақылау деректері және барикалық өрістің 24-120 сағатқа сандық болжамы қолданылды.
2021 жылғы 04-10 наурыз аралығындағы кезеңде Каспий теңізі су бетінің нақты жай-күйі алдыңғы апталық болжамға сәйкес келеді. Ең ірі тұйық су айдынының визуалды жағалау сызығы 2021 жылғы 8 наурыздағы ғарыштық суретте көрсетілген. «NASA» жобасының суреті.
Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК-ның https://www.kazhydromet.kz/kaspiyskoe-more/ezhenedelnyy-obzor-sostoyaniya-poverhnosti-kaspiyskogo-morya сайтында ұсынылған.
- 12.04.2021
- 173