- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2021 жылғы 25-30 наурызға арналған Каспий теңізі деңгейінің болжамы
«Қазгидромет» РМК Каспий теңізі деңгейінің апта сайынғы болжамын жасайды. Орта Каспийде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 28,03 дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,79 м дейін төмендеп, минус 28,37 м болады деп күтілуде.
* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-да Каспий теңізінің жағдайына бейімделген Дат гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану кезінде алынды. Есептеу кезінде теңіз деңгейін бақылау деректері және барикалық өрістің 24-120 сағатқа сандық болжамы қолданылды.
2021 жылғы 18-24 наурыз аралығындағы кезеңде Каспий теңізі су бетінің нақты жай-күйі алдыңғы апталық болжамға сәйкес келеді. Ең ірі тұйық су айдынының визуалды жағалау сызығы 2021 жылғы 22 наурыздағы ғарыштық суретте көрсетілген. «NASA» жобасының суреті.
Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК https://www.kazhydromet.kz/kaspiyskoe-more/ezhenedelnyy-obzor-sostoyaniya-poverhnosti-kaspiyskogo-morya. сайтында ұсынылған.
- 12.04.2021
- 204