• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жұмыс сапары және Көкшетау қаласына жақын аумақтағы су тасқыны жағдайын бақылау аясында облыс әкімі Ермек Маржықпаев Чаглинка су қоймасында және Красный Яр ауылында болды. ТЖ департаменті мен облыс орталығының басшылығы өңір басшысын дайындық және алдын алу іс-шараларының барысы туралы хабардар етті

Облыс орталығын аралау басталғанға дейін Ермек Боранбайұлы Зеренді ауылына сапармен келіп, жергілікті активке Зеренді ауданының жаңа әкімін таныстырды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Асен Жақсылықов тағайындалды. Еске сала кетейік, Асен Дулатұлы, 1980 жылы туған, осы лауазымға тағайындалғанға дейін Көкшетау қаласындағы «Гормолзавод» ЖШС директоры болған. Әр жылдары облыстық Кәсіпкерлер палатасы кеңесінің төрағасы, қалалық және облыстық мәслихаттардың депутаты болды. Аудан активінің және жаңа әкімнің алдына білім беру саласының деңгейін арттыруға, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты бірқатар міндеттер қоя отырып, облыс әкімі жер қатынастарына байланысты мәселелерге назар аударды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің, жайылымдық жерлердің және басқа жерлердің пайдаланылуына бақылауды күшейту.

Чаглинка су қоймасында облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаев аймақ басшысына қазіргі уақытта су қоймасының толымдылығы шамамен 50% — 14 млн текше метр су екенін хабарлады. Сонымен қатар, жалпы Ақмола өңіріндегі су тасқыны жағдайы туралы айтып берді.

Облыс әкімі тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ күн сайын ауадан қауіпті учаскелерге мониторинг жүргізуге кеңес берді.

Красный Яр ауылында Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса қазіргі уақытта жергілікті билік пен құтқарушылар жүргізіп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Атап айтқанда, өзен арналары бойымен жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізу үшін екі жинақтағышта 20 мың текше метр қиыршық тас, инертті материалы бар 10 мың қап дайындалғандығы атап өтілді.

Қажет болған жағдайда ШЖҚ «Көкшетау Су Арнасы» МКК, «Көкшетау Жылу», «Көкше Тазалық» ЖШС және «Зерен плюс-2006» коммуналдық кәсіпорындарының қосымша техникасы тартылатын болады. Сондай-ақ 5510 ә/б уағдаластық бар. Тұрғындарды эвакуациялау үшін 550 орындық «Көкшетау» және «Достық» қонақ үйлерінде, 70 орындық Красный Яр ауылында орындар дайындалды, сондай-ақ жануарларды эвакуациялау үшін екі учаске бар. Іс-шаралар жоспарына сәйкес бірінші сәуірден бастап тәулік бойы кезекшілікпен қалалық су тасқынына қарсы штаб құрылды.

Сапар барысында өңір басшысы Красный Яр ауылының маңында орналасқан жел станциясының құрылысы жалғасып жатқан аумаққа барды. «Вичи» ЖШС салып жатқан нысандардың жалпы құны шамамен 1,7 млрд теңгені құрайды. Жобаны іске асыруда Данияның NEG Micon жаңартылған жел генераторлары пайдаланылады, олар «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінде ұсынылды.

Ермек Боранбайұлы «Истоки» МҮ «Radius» скейт-паркінде болды. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер Александр Пушкаревтің айтуынша, ол өз қаражатына саябақ ашқан, несиелер мен бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына әлі жүгінбеген.

Көкшетаудағы бірінші скейт-парктің көшемен сырғанаудан даусыз артықшылығы бар. Жабық бөлмеде бола отырып, ол ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жыл бойы жұмыс істейді. Нысанды қарап шығып, жас кәсіпкердің жасампаздығын атап өтіп, облыс әкімі оған жаңа ісінде табыс тіледі.

«Казрост» ЖШС облыс орталығында жалпы ауданы 2 мың ш.м. дилерлік орталық салады, қазіргі уақытта оларға Уәлиханов көшесі бойынша 2,7 га жер учаскесі бөлінді. Жобаның құны шамамен 800 млн теңгені құрайды. Іске асыру-толығымен өз қаражаты есебінен. Кәсіпорын Ауыл шаруашылығы техникасын, қосалқы бөлшектерді сатуға және оларға сервистік қызмет көрсету мен жөндеу жөніндегі қызметтерге маманданатын болады.

Өз кезегінде өңір басшысы облыс орталығында инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалатынын атап өтті. Болашақ дилерлік орталық орналасатын Уәлиханов көшесінің бойында осыған ұқсас бірнеше нысан бой көтерді.

  • 12.04.2021
  • 233
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика