• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АҚТАУ ЖАҒАЛАУЫНДА ІРІ ОТБАСЫЛЫҚ ПАРК БОЙ КӨТЕРУДЕ

Ақтау қаласында курортты аймақты дамытудың 2-ші кезеңі қарқынды жүргізілуде. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үкіметтің қолдауымен қосымша қаржы бөлініп, жылы жағажай аумағын сумен, электр энергиясымен және газбен жабдықтау және автомобиль жолдарын салу жұмыстары жасалып жатыр. Екі жыл ішінде мұнда 400 млрд теңгеге ірі туристік жобалар жүзеге асырылады. Бүгін құрылыс нысандарына республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен пресс-тур ұйымдастырылды. 
«Tethys International Hub Ltd» компаниясы 202 млрд теңге қаржы құйып, теңіз жағалауына 4 нысан салып жатыр. Толық іске қосылған соң 1380 жаңа жұмыс орны ашылады. Алғашқысы – халыққа қолжетімді болатын тақырыптық ойын-сауық паркі. Мұнда отбасылық демалыс үшін судағы, жердегі және әуедегі аттракциондар салынады. Саябақтың орта тұсында субұрқақ, мейрамхана, фудкорт пен азық-түлік дүңгіршектері орналасады. Мұнда шамамен күніне 4,5 мың адам келеді деген жоспар бар. Парк құрылысын шілде-тамыз айларында аяқтау көзделіп отыр. Саябақ жанында гольф-клуб пен 300 нөмірлі гольф-отель бой көтереді. Сонымен қатар көне шаһар стиліндегі «Town Center» сауда қатарларын салуды да жоспарлап отыр. Соңғы үш нысанды пайдалануға беру келер жылдың еншісінде. Курортты аймақты ұзындығы 2,5 шақырым, ені 11 метр болатын серуендеу аумағы жалғайтын болады. Мұнда жаяу жүруге және велосипедпен жүруге болады. 
Ал «BI Group» компаниясы демалыс пен тұрғынүй кешенін салып жатыр. Тұрғынүй кешені виллалар мен апартаменттерден тұрады. Жобаның құны 37 млрд теңге. Кешенді 2022 жылы пайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ 15 гектар аумақта  «Double Tree by Hilton»  әлемдік брендтегі 4 жұлдызды қонақүйі бой көтереді.
 «Bazis-A» құрылыс корпароциясы да теңіз жағалауына 10 гектар жерге вилла, таунхаус және апартаменттерден тұраты тұрғынүй кешенін тұрғызып жатыр. Құрылыс компаниясы өкілдерінің айтуынша, қазақстандықтар үшін курортты аймақта орналасқан жылжымайтын мүлікке қаржы құйып, теңіз жағалауында тұруға және демалуға зор мүмкіндік туады. 
 
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында орналасқан жобаларды іске асыру өңірге қосымша инвестициялар тартуға, жаңа туристердің келуіне, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, салық аударымдарының түсуіне, сондай-ақ, экономиканың аралас салаларының дамуына ықпал ететін болады, бұл - облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін береді»,-деді Мағыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров.   
Айта кететін жайт, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы тамыздағы «Ақтау қазіргі заманғы теңіз курортына айналуы тиіс» тапсырмасынан кейін Үкімет басшысының қолдауымен  17 млрд тенге қаржы бөлініп, 10,5 км тоқ, 31 км жол, 56 км су және 58 км газ тарту құрылысының 1-ші кезеңі аяқталды.
Соның арқасында «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында 2020 жылғы шілдеде Риксос қонақ үй кешені жобасының 1-кезеңі іске қосылды (2020 жылы қонақ үйге 78 000-нан астам адам келді), 68 млрд.теңге инвестиция тартылды және 600-ден астам адам жұмысқа орналастырылды, онда 90%-дан астам жергілікті тұрғындар.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 15.04.2021
  • 225
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика