- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТЫЛАДЫ
Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясына қарсы карантиндік шараларды қамтамасыз ету жөніндегі штабтың шешімі шықты.
Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны артуына байланысты 19 сәуірден бастап жалпы білім беретін мекемелерде 1-8, 10 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады.
Сонымен қатар ата-аналардан балаларын адам көп шоғырланған жерлерге апармауларын және үйден тыс жерлерге баруды шектеуді сұраймыз.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
- 19.04.2021
- 193