• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚОШ БОЛ, ҚАЗАҚ ЖЫРЫНЫҢ «КӨКМОЙНАҒЫ»...

Е.Раушановтың рухына құран бағышталды

Қазақ руханияты қара жамылды. Қазақ поэзиясының шоқтығы биік тұлғасы, айтулы ақын, драматург, белгілі баспагер – Есенғали Раушанов дүние салды. Ақынның қазасына байланысты мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаев марқұмның отбасына көңіл айтып, жеделхат жолдады. Қазақ әдебиеті, шығармашылық орта ғана емес күллі қазақ қоғамы үшін орны толмас, ауыр қаза болды.
Бабатопырағы – Маңғыстау жұрты да арда ақын, адал азаматын жоқтап, қайғыруда.  Бүгін Ақтаудағы Бекет ата мешітінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра санаулы адамның қатысуымен марқұмның рухына құран бағышталды.
.  «Жүрісі-тұрысы нар тайлақ сияқты болғанымен, бойында көш бастайтын көсем түйенің мінезі бар. Шаңырақ артсаң – шақпайтын, кебеже артсаң – сындырмайтын, тең артсаң – түсірмейтін, алтын артсаң да ауырсынбайтын қазақтың нағыз атанжілік ақыны» -деп, Әбіш аға Кекілбайұлы баға берген қарымы ерен, дарыны кемел қаламгер болатын.
Білімі терең, танымы биік, қайда жүрсе де қазаққа пайдалы дүниені қамдап, ізгілік пен игіліктің ізденімпазы еді. Түркі халықтарының тілдерін ғана емес, ағылшын, парсы тілдерін меңгерген полиглот. Артынан ерген жас талапқа көп оқуды, жақсы жазуды ұлағаттаған ұстаз. Оның лирикалық жырлары, эпикалық қуатты поэмалары – қазақ поэзиясында өзіндік өрнек, даңғыл жол қалыптастырған  дара сипатты мектеп екендігі даусыз. Өлеңдегі ақындық қуаты  қандай терең болса, өмірде де азаматтық мұраты биік болды.
«Ой, біздің ел жазған-ай,
Қатпар да қатпар қара тас
Қатты емес деп саздан-ай,
Он құлашты орпа деп,,
Қырық құлашты орта деп,
Ана ата қоныс Үстіртте
Тереңдігі жүз құлаш
Үш мың шыңырау қазғаны-ай...»-деп жырлаған Есенғали ақын Маңғыстаудың қиындығына бір кісідей күйзеліп, жетістігіне бір кісідей тілеулес болып өтті. Елдің бірлігі мен қоғамның тұтастығын көздеген талай шаралардың басы-қасында болды. Аяулы да абыройлы перзентінің есімін барша маңғыстаулықтар әмәнда ұмытпақ емес, оның жырлары әрқашан ұрпақ жүрегінде. Қош бол, қазақ жырының «көкмойнағы»...

Маңғыстау облысының зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылары, ел азаматары марқұмның отбасына, ағайын-тумасына көңіл айтады, қайғысын бөліседі.

  • 19.04.2021
  • 260
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика