- Блогтар
- Дүйсембиев Ж.Ж.
Дүйсембиев Ж.Ж.
ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
Қазақ-өзбек шекарасындағы «Б. Қонысбаев» ірі өткізу пункті қайта жаңғыртылды
Бірінші кезеңде кеңейтілетін учаскеде терминалдың импорттық жағы, екінші кезеңде - барлық ескі ғимараттар мен жабдықтарды бұзуды ескере отырып, экспорттық тарап салынды. Өткізу қабілеті тәулігіне 20 мың адамды қамтитын жаңа жолаушылар терминалы салынды, паспорттық бақылау кабиналарының саны 6-дан 16-ға дейін ұлғайтылды. Пунктте эпидемиологиялық объектілер анықталған жағдайда жүгі бар автокөлікті оқшаулау үшін санитариялық тұрақтар ұйымдастырылған.
Бұдан басқа, аумақ кеңейтіліп, келетін және кететін көлік ағындары бөлінді, қозғалыс жолақтары 2-ден 6-ға дейін ұлғайтылды, салмақ габариттік параметрлерін тоқтаусыз өлшеу және көлік құралдарын сканерлеу үшін үш біріктірілген кешен орнатылды, 8 орынға тереңдетілген тексеру орны салынды, 50 көлік құралына бақылау нәтижелерін күту орындары жабдықталды.
Жаңғырту нәтижесінде шекарадан өту уақыты 25 минутқа дейін қысқартылды.
- 20.04.2021
- 306