• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С.ТРҰМОВ: «ЕЛДЕ ІНДЕТ КҮШЕЙІП, ҚАРАЛЫ ХАБАР КӨБЕЙДІ, АЛ БІЗ ТОЙ ТОЙЛАУДЫ ТОҚТАТАР ЕМЕСПІЗ. БҰЛ БАРЫП ТҰРҒАН «ҚЫЛМЫС»

Өткен тәулік бойынша Маңғыстау облысында 80 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның  34-і Ақтау қаласы, 19-ы Мұнайлы ауданы, 10-ны Маңғыстау  ауданы, 4-і Жаңаөзен қаласы, 2-і  Бейнеу  ауданы, 6-ы  Түпқараған ауданы, 5-і Қарақия аудандарының тұрғындары. Науқастардың ішінде 35-і симптомды, 45-і симптомсыз белгісімен емделуде. Бұл туралы бүгін аппараттық жиында облыс әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова мәлімдеді. 
Облыс әкімі орынбасарының айтуынша бүгінгі күні денсаулық сақтау нысандары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Науқастарға 432 инфекциялық және 54 реанимациялық төсек орындық 10 стационар қызмет көрсетуде. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге 92 мобильдік бригада мен  53 жедел-жәрдем бригадасы жұмылдырылған. Оларға 12-18 cәуір аралығында 4171 шақырту түскен. 
«Дәрі-дәрмек және жеке қорғану құралдарымен қамту мәселесі де басты назарда. Медициналық мекемелер мен дәріханаларда 3 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған. Сонымен қатар медициналық ұйымдар қажетті жабдықтармен толық көлемде қамтылды. Облыс бойынша 1 жылжымалы және 10 зертханалық орталық бар.Олар 1 тәулікте орташа есеппен 1 687 аса ПЦР тәсілімен тестілеу өткізіледі»,-деді Г.Қалмұратова.
Облыс бойынша КВИ-ге қарсы екпе салатын 28 кабинет жұмыс істеп тұр. Олар апта бойы демалыссыз тұрғындарды қабылдауда.  
Аймақта кәсіпкерлік нысандары мен тұрғындардың карантин талаптарының сақталуын бақылау бойынша 24 мониторингтік топ жұмыс жасайды. Жыл басынан бері олармен барлығы 2320 рейдтік шаралар жүргізілді. Нәтижесінде 94 карантин талаптарын бұзушылық анықталып, 19 хаттама толтырылды. 
Облыс әкімі С.Трұмов осы салаға жауапты орынбасарына коронавирусқа қарсы шараларды күшейтуді тапсырды. Үйде Covid-тың симптомсыз түрімен емделіп жатқан науқастарды қатаң бақылауға алып,  мониторингтік топтың жұмысын күшейту керектігін айтты. «Елде індет күшейіп, жағдай қиындап жатыр, қаралы хабар көбейді, ал біз той тойлауды тоқтатар емеспіз. Бұл барып тұрған «қылмыс». Тойды тоқтату керек. Мониторинг жұмыстарын күшейтіңіздер»,- деді обыс әкімі.  

ОБЛЫС ХАЛҚЫНЫҢ 60% АУЫЛДА ТҰРАДЫ
  Маңғыстау облысында 58 ауылдық елді мекен бар, оның ішінде 28 ауыл перспективалық елді мекен ретінде анықталған. Бүгінгі күні 58 ауылдық елді мекенде 433 407 адам тұрады немесе облыс халқының 60%-ы. Соңғы 10 жылда ауылдық елді мекендердегі халық саны 183 мыңға артты немесе 73%-ға өсті. Бұл туралы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Альбекова айтыр берді. 
Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру мақсатында  облыс көлемінде «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы жүріп жатыр. Жоба өңірдің тірек елді мекендерін қажетті инженерлік инфрақұрылыммен және әлеуметтік нысандармен қамтамасыз ету көзделген. Яғни, автомобиль жолдарын салу, жөндеу және білім беру, мәдени және спорттық нысандар салу, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құру арқылы ауылдардың инфрақұрылымын жаңартуды жетілдіреді.
Бүгінге «Ауыл – Ел бесігі» жобасына даму үшін потенциалы бар және халық саны көп 28 перспективалы ауылдық елді мекен енгізілді. 
2019-2020 жылдары 63 жобаға 5,3 млрд.теңге бөлінді. Жоба аясында 8 ауыл қамтылды (Бейнеу, Ақшұқыр, Маңғыстау, Қызылтөбе, Баянды, Басқұдық, Рахат, Шетпе).
Оларға 8 әлеуметтік инфрақұрылым, 8 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілер және көлік инфрақұрылымының жалпы ұзындығы 145,2 км болатын 47 объектісіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде  57 жоба аяқталып, 6 жоба 2021 жылға өтті. 
Осылайша өңірдегі жалпы ауылішілік жолдардың қатты жабындымен қамтамасыз етілуі 24,5%-дан 27,8%-ға өсіп, 252 уақытша және 9 тұрақты жұмыс орындары құрылды, 351 млн.теңге салық түсті.
Биылға жоспар бойынша 15 жобаға (2021 жылға өтпелі - Ақшұқыр ауылында 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені) 1 586 млн.теңге қарастырылды. Жобаға Сайын Шапағатов және Жетібай ауылдары таңдалды.

  • 20.04.2021
  • 288
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика