• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
  • Портал туралы
    • Талдау
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

МО басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Оразалин О.С.
Оразалин О.С.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Оңдасын Оразалин халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында халықты жұмыспен қамтамасыз ету, бюджетті жоспарлау және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Отырысқа облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері бейнеконференция режимінде қатысты. Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйентаева 2020 жылы тұрақты жүргізілген мониторинг нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсуін, мемлекеттік бағдарламалардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету мүмкін болғанын баяндады. Биылғы жылы облыс экономикасының өсімін 4,1% қамтамасыз ету міндеті тұр.

«Бюджетті сапалы және тиімді жоспарлау өте маңызды мәселе. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік заңнамаға сәйкес құжаттаманы сапалы әзірлеуге ерекше назар аударып, бюджеттік жоспарлаудың алгоритмі мен мерзімдерін ұстанып, экономикалық қорытындысы дайын жобаларды ғана қарауға ұсынуы қажет», - деді баяндамашы.

Осыған орай аймақ басшысы Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдерінің қызметін сынға алды.

«Барлық жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, уақтылы мемлекеттік сараптамадан өтуі керек. Өкінішке қарай, экономикалық тұрғыдан тиімсіз жобаларды іске асыру, стратегиялық жоспарлаудың және сіздердің тарапыңыздан тиісті бақылау мен талдаудың жоқтығы орын алуда. Әкімдіктер мен басқармалардың тарапынан бақылау ортақ, бірлескен жауапкершілік болуы керек. Ақтөбе қаласы мен аудандарға жасаған іс-сапарларымдағы жолдарды, әлеуметтік нысандарды жөндеуге, маңызды құрылыстар салуға байланысты берген әрбір тапсырмаларым есімде. Барлығының орындалуын өзім тексеремін», - деді Оңдасын Оразалин жиналысқа қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде.

«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл 18 ауылда 2,1 миллиард теңгенің 26 жобасы жүзеге асырылады. Салынған және жаңғыртылған нысандар 40 мың тұрғынның өмір сүру сапасын жақсартады және 393 жұмыс орнын ашады. 2021 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске асыруға 13,9 млрд. теңге қарастырылған. Бұл қаражатқа білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларында 41 жоба жүзеге асырылады.

  • 21.04.2021
  • 70
Оразалин О.С.

Ақтөбе облысының әкімі

Оразалин О.С.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы (СІО)
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Нұр - Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: sd@nitec.kz

    Яндекс.Метрика