• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.

«Қазгидромет» РМК бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Арал теңізі метеорологиялық станциясының тарихы

Арал қаласында метеорологиялық бақылау 1884 жылы ұйымдастырылды. Құрылған сәттен бастап осы уақытқа дейін станцияның атауы өзгерген жоқ. Метеостанция өзінің ғасырлық қызметінде екі рет үзіліспен жұмыс істеді: 1884-1911жж. және 1912-1914жж. 1915 жылдан бастап, Арал теңізі МС бақылауларында үзіліссіз жұмыс істеп келеді. Қолданыстағы классификацияға сәйкес станция II санат бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. 1953 жылы метеостанцияға Третьяков шөгінді өлшегіші және ауыр тақтасы бар флюгер орнатылды.

Арал теңізі станциясы шөлді аймақта, Сары-шығанақтың солтүстік жағалауында, оның жағалауынан 100 м биіктікте, су деңгейінен 7 м биіктікте және Арал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 2 шақырым қашықтықта орналасқан.

Қоршаған рельефті көптеген құм төбелер бөліп тастайды, кейбір жағдайларда олардың биіктігі 5-8 м-ге жетеді, кейде сирек бұталар мен шөлді өсімдіктер кездеседі.

Метеостанциядан оңтүстікке қарай 110 м. жерде тартылған Арал теңізі орналасқан. Теңіз екіге бөлінді, кіші теңіз 45 шақырым қашықтықта, үлкен теңіз 110 шақырым қашықтықта орналасқан. Оңтүстік-батысқа қарай Арал теңізінің тұзбен жабылған жұмсақ, құрғақ түбі созылып жатыр.

Метеорологиялық алаң 1884 жылы Арал қаласының орталық бөлігінде, теміржол станциясының жанында орналасқан. 1925 жылдың қараша айында метеорологиялық станция қаланың солтүстік-шығыс шетіне, Рыбтресттің теміржол тармағына ауыстырылды. 1931 жылы Қолтық шығанағынан солтүстік-шығысқа қарай 200 м-ге, 1942 жылдың 15 желтоқсанында Арал шығанағының жағасына ауыстырылды. Ғасырлық бақылау тарихында Арал теңізі метеорологиялық станциясы тағы да екі рет ауыстырылды: 1952 жылы және соңғы рет 1953 жылдың қарашасында. Мұндағы бақылаулар Ұлы Отан соғысы кезінде де үзілген емес.

Қызылорда облысында 14 метеорологиялық станция жұмыс істейді, олардың ішіндегі 3 станцияның ғасырлық бақылау тарихы бар: Қазалыға – 173 жыл, Арал теңізіне – 137 жыл және Жосалыға – 107 жыл.

  • 22.04.2021
  • 302
Алимбаева Д.К.

«Қазгидромет» РМК бас директоры

Алимбаева Д.К.

«Қазгидромет» РМК бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика