• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
2021 жылы 480 ауыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде жаңғыртылады

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ауылдық аумақты дамыту және «Ауыл-Ел бесігі» жобасын іске асыру туралы баяндады.

Министрдің айтуынша, ауылдық жерде тұратын адамдардың саны 7,7 млн немесе жалпы ел халқының 41%-і. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуда ауыл шаруашылығының үлесі мол - 28,2%.

Министрлік «Ауыл-Ел бесігі» жобасын іске асыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Оның мақсаты инфрақұрылымды жаңғырту есебінен ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсарту, оны жаңа өңірлік стандарттар параметрлеріне жеткізу.

88% тұрғын өмір сүретін 3,5 мың ауыл даму келешегі бар деген есеппен іріктеліп алынды. Бұлар «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде басымдыққа ие болмақ.

«Ағымдағы жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде 1,3 млн адам тұратын 480 ауылды дамытуға 105 млрд теңге жұмсау жоспарлануда. Бұл көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту үшін 1 мыңнан астам жобаны іске асыруға мүмкіндік береді», - деді Ә.Ерғалиев.

Ұлттық экономика министрлігі басшысы атап өткендей, ауылдағы инфрақұрылымдық мәселені шешу үшін 5 жыл ішінде 800 млрд теңге бөлінеді. Бұл 2025 жылға қарай 3,5 мыңның үстіндегі ауылдың 7 млн тұрғынының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

«Ауыл халқы сумен жабдықтау қызметіне 100% қол жеткізеді. Барлық ауыл жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылады. Жергілікті маңызы бар жолдардың 95%-і жақсартылады. 10 мың шақырым кентішілік жол қайта салынып, жөнделеді. 24 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. 110 мың жер учаскесі жеке тұрғын үй салу үшін қажет инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. 12 мың шақырым инженерлік желі салынып, жаңғыртылады. АӨК-те 845 инвестициялық жобаны іске асыру арқылы ауылдарда 500 мың  жаңа жұмыс орны ашылады», - деді Ә.Ерғалиев.

Ауылдарда 5 мың мектеп жаңғыртылып, жаңа 315 мектеп салынады. 1 719 спорт және 748 мәдениет нысаны салынып, жаңғыртылады. Бұдан басқа, 1 095 нысанды салу мен жаңғырту ауылдық жердегі денсаулық сақтау қызметінің сапасы мен қолжетімділігін арттырады.

  • 22.04.2021
  • 241
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика