• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мәжіліс бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

«Заң жобасы Парламенттің, Есеп комитетінің, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсыныстарын іске асыруға бағытталған», - деді Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.

Ұлттық экономика министрлігі басшысының айтуынша, заң жобасы бюджеттік тәуекелдер мен мемлекеттік қаржының тұрақтылығы туралы талдамалық есепті қалыптастыруды көздейді. Онда мемлекеттік қаржы жағдайына әсер ететін макроэкономикалық, демографиялық, қаржылық және басқа  да тәуекелдердің талдауы қамтылады. Аталған есеп жыл сайын Парламентке республикалық бюджеттің жобасымен бірге енгізіледі.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең аз көлемінде белгіленген жалпы сипаттағы трансферттер қаражатын басқа шығыстарға қайта бөлу мүмкіндігін беру ұсынылып отыр.

Заң жобасында бөлінген қаражат толық игерілмей, жыл соңында қаражат кері қайтарылған жағдайда, төртінші тоқсанда стратегиялық жоспарлардың нысаналы индикаторларын өзгертуге тыйым салу көзделген.

Мемлекеттік қолдау шараларына бөлінген қаражаттың пайдаланылуына бақылау мен мониторингті күшейту мақсатында мемлекеттік бағдарламаларды қаржылай және қаржылай емес қолдау операторларына және қарыз алуға мемлекет кепілдік берген квазимемлекеттік сектор субъектілеріне  қазынашылықта шоттар ашу көзделіп отыр.

«Заңнамада белгіленген мақсаттарға пайдаланылмаған аударымдар аудиторлық есеп нәтижелері бойынша республикалық бюджетке қайтарылады», - деді министр.

Жергілікті атқарушы органдарға жергілікті бюджеттің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға қарыздар бөлу мерзімін 3 жылдан 6 айға дейін қысқарту ұсынылады.

Заң жобасында стратегиялық жоспарлар мен өңірлерді дамыту бағдарламаларының іске асырылуы туралы есептердің негізінде бюджеттің шығыстары туралы аналитикалық есепті қалыптастыру көзделіп отыр. Парламентте жылдық есепті қарау кезінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді пайдалану бойынша әкімдердің есебі тыңдалады.

Ұлттық экономика министрлігі басшысы мемлекеттік қарыз алуды жетілдіру шеңберінде қарызға алған қаражатты белгіленген мерзімде игермегені үшін жауапкершілік енгізіліп, жергілікті атқарушы органдарға үшінші тұлғалар үшін борыштық міндеттемелерді қабылдауға тыйым салынатынын атап көрсетті.

Жоспарланатын шығыстардың негіздемелігін арттыру үшін бекітілген заттай нормаларға жылына бір рет өзгеріс енгізу ұсынылады.

«Заң жобасында нақтылау сипатындағы түзетулер де көзделген. Республикалық бюджетті нақтылау жағдайлары айқындалып отырады. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамының мазмұны нақтыланады. Ұлттық Банкте ашылған Бірыңғай қазынашылық шоттағы қаражаттың күнделікті қалдығына есептелетін сыйақы бюджеттік түсімдерге кіреді», - деді Әсет Ерғалиев.

  • 22.04.2021
  • 267
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика