• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әсет Ерғалиев ҚР Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңесте бизнесті реттеудің жаңа тәсілдерін таныстырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткізілген Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бесінші отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев кәсіпкерлік қызметті реттеудің жаңа тәсілдерін таныстырды.

Министр түсіндіргендей, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін министрлік жаңа экономикалық жағдайдағы кәсіпкерлік қызметті жандандыру және жеке капиталды тарту үшін ынталандыру шартын қалыптастыруға бағытталған жаңа реттеуші саясат мәселелері жөніндегі заң жобасын әзірледі.

«Бизнеске түсетін салмақты түбегейлі азайту, оңтайлы және тиімді реттеу жүйесін құру үшін кәсіпкерлік қызметті жаңадан реттеу тәсілдері құрылып отыр. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу тиімділігі мемлекет пен бизнестің өзара іс - қимылының жаңа қағидатын имплементациялау арқылы қамтамасыз етіледі», - деді Ә.Ерғалиев.

Жаңадан реттеу «1-in 2-OUT» - екеудің орнына бір реттеушілік талап қағидатын енгізуді көздейді. Яғни, мемлекет жаңа талапты енгізген кезде құқықтық реттеудің сол саласында қолданылатын екі талап жойылады. Мемлекет енгізетін кез келген талап негізді, орындалатын, болжамды және соған мөлшерлес болуы тиіс.

Бұдан басқа, заң жобасында реттеушілік апелляция институтын енгізу қарастырылған. Бұл механизм кәсіпкерлердің шағымы бойынша бизнеске қатысты тиімсіз талаптардан тұратын мемлекеттік органдардың актілерінің күшін жоюға немесе қайта қарауға мүмкіндік береді.

«Реттеуші құмсалғыш» құралын табысты қолданудың әлемдік тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа талаптарды тәжірибе жүзінде сынақтан өткізу үшін ерекше құқықтық режім енгізу ұсынылады. Эксперименттік режім кейіннен осы талаптарды енгізудің орындылығы туралы қорытынды шығара отырып, белгілі бір аумақ немесе сала шеңберінде жаңа реттегіш құралдарды «тестілеуге» мүмкіндік береді.

Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Міндетті талаптар тізілімін құру қарастырылып жатқанын атап өтті. Оған тек реттеушілік саясаттың жаңа шарттарына сәйкес келетін талаптар енгізіледі. Тізілімде нормативтік құқықтық актілердің жаңа реттеушілік саясатқа сәйкестігін қарау мерзімі айқындалады. Мұның бәрі бизнеске кері әсер ететін талаптарға қатысты «реттеуші гильотина» әдісін қолдануға мүмкіндік береді.

«Әкімшілік жүктемені азайту үшін ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, тек электрондық нысанда есеп беру, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектілерін іріктеу кезінде тәуекелдерді бағалау мен басқаруды автоматтандыру туралы талап заңнамалық түрде бекітілмек. 2022 жылы автоматтандырылған есеп жүргізілетін ақпараттық жүйе интеграцияланады. 2023 жылы автоматтандырылмаған есептілік, тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі цифрландырылады», - деді министр.

Бұдан басқа, мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін реформалау жоспарлануда. Бақылау органдарының заңнама талаптарының бұзылуына, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және ұлттық қауіпсіздікке залал келтірген оқиғалардың туындауына себептерді және жауапты тұлғаларды анықтау бойынша кешенді іс-қимылын білдіретін мемлекеттік бақылаудың жаңа «тергеу» нысаны енгізіледі.

Іскерлік ахуалдың болжамдылығын жақсарту үшін бизнес үшін НҚА-ның кері күшін қолдануды болдырмау қолға алынады. Бұл тыйым бизнеске жаңа міндеттер жүктеп, оның жауапкершілігін күшейтеді, сондай-ақ бизнестің жағдайын нашарлататын нормаларға қолданылады.

«Қабылданған шаралар шағын және орта бизнестің ел экономикасына үлесін 2025 жылы 35%-ке арттыруға мүмкіндік береді. Бұл тәсілдерді іске асыру бизнеске жүктемені едәуір төмендетіп, өнімділік пен кірістің өсуіне ықпал етеді», - деді Әсет Ерғалиев.

  • 22.04.2021
  • 273
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика