• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Ұлттық экономика министрлігі, Алматы, Алматы облысының әкімдіктері, Дүниежүзілік банк және халықаралық қаржы ұйымы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Алматы қаласының әкімдігі Дүниежүзілік банкпен, Халықаралық қаржы корпорациясымен, ҚР Ұлттық экономика министрлігімен және Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп «Алматы-2050» даму стратегиясын іске асыруға жәрдемдесу, «Үлкен Алматы» агломерациясын және Алматы агломерациясының цифрлық платформасын дамыту мақсатында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Келісімнің негізгі міндеті экономика, кәсіпкерлік, энергетика, урбандалу, цифрландыру, жасыл экономика және агломерациялық даму саласындағы ынтымақтастық болады.

Бұдан басқа, агломерацияларды дамыту жөніндегі заң жобасының тұжырымдамасы бірлесіп әзірленеді. Оның шеңберінде агломерацияларды басқару, мемлекеттік қолдау және тұтастай алғанда олардың жұмыс істеуі процесінде туындайтын қатынастарды реттеу жоспарлануда.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ильяс Усеров Дүниежүзілік банк тобына қала мен Алматы агломерациясын одан әрі дамытуға үлес қосу ниеті үшін алғыс айтты. 

Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров меморандум бірлескен жұмысқа жаңа серпін беріп, өңірдің дамуына үлес қосатынын атап өтті.

«Дүниежүзілік банк әріптестермен бірлесіп, қалалық көлікті, жасыл қала ландшафтарын дамытуға және тұйық циклді экономика тәсілдерін, сондай-ақ ауаның ластануына қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қолдау көрсетеді. Біз Алматы басшылығына қаланы экологиялық және бәсекеге қабілетті, адам өмірі үшін жайлы және бизнес жүргізу үшін тартымды етуге қолдау көрсету үшін мемлекеттік және жеке секторлар деңгейінде жаһандық тәжірибе мен озық практиканы қолдануға жәрдемдесуге дайынбыз», - деп атап өтті Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто.

Өз кезегінде Халықаралық қаржы корпорациясының Орталық Азия бойынша өңірлік өкілдігінің басшысы Кассандра Коллберт Қазақстандағы Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК) Алматыны әлемдік деңгейдегі қала ретінде дамытуға бағытталған қала әкімдігімен тығыз ынтымақтастықты жалғастыратынын және мақсатты реформаларды іске асыруға қолдау көрсету арқылы қаланың өсіп келе жатқан инфрақұрылымдық қажеттіліктерін дамыту үшін қажетті ұзақмерзімдік сыртқы қаржыландыруға қолжетімділікті жақсартуға көмек көрсетуге назар аударатынын хабарлады. ХҚК Алматы әкімдігіне Fitch Ratings-тен халықаралық кредиттік рейтинг алу мәселелері бойынша кеңес берді. Бұл жасыл инфрақұрылымды жақсартуды қаржыландыру үшін Орталық Азиядағы алғашқы муниципалдық жасыл облигацияларды шығару жөніндегі жұмысты жалғастыруға негіз болады.

Еске салсақ, а.ж. 17 наурызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Алматы қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізілген еді. Кеңесте Мемлекет басшысы қала маңы мен Алматы агломерациясының елдімекендерін дамыту қажеттігін атап өтті.

Президент Алматы агломерациясы шеңберінде «Үлкен Алматы» 4 пилоттық жобасын іске асыру мүмкіндігін қарастыруды, Алматы агломерациясын басқару жөнінде кеңес құруды, агломерацияның көлік моделін әзірлеуді, агломерациялық мәселелерді, оның ішінде қарыз алу, сәулет және қала құрылысы қызметі, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту және т. б. мәселелерді шешу бойынша мәслихат пен қала әкімдігіне өкілеттіктер беру мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы мәселені пысықтауды тапсырды.

  • 22.04.2021
  • 251
Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика