- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Құрметті Маңғыстау облысының кәсіпкерлері!
Бүгінгі таңда біздің міндетіміз-жаппай кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейтуге мүмкіндік беру, сондай-ақ өңірге жаңа инвесторларды тарту.
Бұл міндетке қол жеткізу үшін елімізде барлық жағдай жасалған, алайда біздің өңіріміздің барлық тұрғындары мемлекеттік қолдау шаралары мен бизнесті дамыту және қолдау институттарының қызметі туралы толық біле бермейді.
Осыған байланысты, бүгіннен бастап # кәсіпкер нені білуі керек? айдарын ашатынымызды хабарлаймыз,
Айдарда сіз кәсіпкерлерге арналған мүмкіндіктер туралы, бизнесті жүргізудің қолайлы жағдайлары туралы барлық қажетті ақпаратты таба аласыз.
Сізден бізге қолдау көрсетуіңізді және осы ақпаратты басқа мүдделі тұлғаларға жіберуіңізді сұраймыз.
- 27.04.2021
- 150