• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Жиынға  «Ардагерлер ұйымы» республикалық ҚБ төрағасы Б.Ізмұхамбетов қатысты

Бүгін  Маңғыстау облысы ардагерлер кеңесінің VIII конференциясы өтті. Онлайн форматта ұйымдастырылған алқалы жиынға «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Б.Ізмұхамбетов арнай келді және облыс әкімі С.Трұмов қатысты. Күн тәртібінде облыстық ардагерлер ұйымының 2016-2020 жылдар аралығындағы есебі баяндалып, ардагерлер кеңесінің жаңа құрамы, тексеру комиссиясының мүшелері және республикалық ардагерлер ұйымының съезіне делегаттар сайланды.
Облыста 2 қалалық және 5 аудандық ардагерлер ұйымы жұмыс істейді. Жыл басында тіркелген  жалпы ардагерлер саны 51705. Бастауыш ұйымдарының саны – 105. Облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы С.Төлетовтың айтуынша, жергілікті биліктің қолдауымен Ақтау қаласында, Түпқараған, Маңғыстау, Қарақия, Мұнайлы аудандарында «Ардагерлер үйі» жаңартылып, жөндеуден өтіп, телефон, интернет желілері орнатылды. Облыстық ардагерлер кеңесі жаңадан салынған «Халық Ассамблеясы ғимаратына көшіріліп, жиһаз, қажетті құралдармен  қамтамасыз етілген. «Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық тарихына үлес қосқан, әр салада еселі еңбек еткен ардагерлеріміз туралы мәліметтерді жинақтап, олардың өнегелі өмір  тәжірибелерін насихаттау жас  ұрпаққа  тәрбие  беруде маңызы зор. Осы бағытта жұмыстар жасалып жатыр»,-деді С.Төлетов.   
Жиын барысында сөз алған облыс әкімі С.Трұмов еліміздің егемендік алып, алғаш қадамын жасаған шағында мемлекет үшін елеулі еңбек етіп, бүгінгі таңда да елдің тыныс-тіршілігінен қалыс қалмай үлесін қосып келе жатқан өңір ақсақалдарына алғысын жеткізді. 
«Ертеден жалғасып келе жатқан көрегенділігіміз бен тектілігіміздің, елдік ерен қасиетіміздің түп тамыры – елдіктің шаңырағын тіктеу, ауызбіршілік, ынтымақ пен өзара сыйластықта екені даусыз. Алдыңғы буын ағалар мінсіз кісілік қасиетімен, тағылымға толы өнеге-өсиетімен ұрпаққа үлгі көрсетіп келе жатыр. Сіздер шеккен ауыртпалығы мол ғұмыр, сіздер шыққан асқар биік тұғыр біздің елдігіміздің, ұлттық құндылығымыздың айнасы, бағдаршамы іспетті. Биыл, Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отырған еліміздің өскелең ұрпағы, жалынды жастар сол бағдаршамға қарай бағыт түзеп, арман-мұратымызды ары қарай жалғай береді деген сенімдеміз»,- деді облыс әкімі.
«Ардагерлер ұйымы» республикалық ҚБ төрағасы Б.Ізмұхамбетов Маңғыстау ардагерлер кеңесінің жұмысына оң бағасын берді. «Республика бойынша елеулі жұмыс жасап жатқан үш аймақ бар. Соның бірі – Маңғыстау»,-деді Бақтықожа Салахатдинұлы. Жиын соңында Б.Ізмұхамбетовтың ұсынуымен Маңғыстау облысының ардагерлер кеңесінің алдағы 5 жылға жаңа төрағасы болып Серікбай Төлетов сайланды.

  • 27.04.2021
  • 229
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика