• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанда тауарлық газдың шекті көтерме сауда бағалары бекітілген

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап тауарлық газдың шекті көтерме сауда бағалары өңірге байланысты 3,8-ден 17,5%-ға дейін төмендетілді және осы уақытқа дейін көтерілген жоқ, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

Тауарлық газдың шекті көтерме сауда бағасы жер қойнауын пайдаланушылардан сатып алынатын газ бағаларынан, газды тасымалдау және газды жерасты қоймасында сақтау шығыстарынан, сонымен қатар рентабельділік нормасынан тұрады.

Сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторларға тауарлық газдың шекті бағалары газдың өзіндік құнынан тұрады.

Қазіргі уақытта ішкі нарықта тауарлық газға бекітілген шекті көтерме сауда бағалары жеткізілетін газдың өзіндік құнынан төмен екендігін атап өткен жөн. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Министрлік тауарлық газдың шекті көтерме сауда бағаларын өңірге байланысты 3,8-ден 17,5%-ға дейін төмендетті және осы уақытқа дейін көтерген жоқ.

Бекітілген шекті көтерме сауда бағалары газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ үшін шығынды болып табылады. 2015-2020 жылдар аралығында Ұлттық оператордың ішкі нарықты субсидиялау шығындары шамамен 425 млрд. теңгені, оның ішінде тек соңғы екі жыл ішіндегі (2019-2020жж.) шығындар сомасы
225,6 млрд. теңгені құрады. Осылайша, тауарлық газдың ағымдағы бағаларын Ұлттық оператор субсидиялайды.

Осы мәжбүрлі қолдау шарасы газ саласын тұрақты дамытудың тежеуші факторы болып табылады.

Республиканы ішкі газбен жабдықтау жүзеге асырылатын негізгі магистральдар кеңес уақытында салынды, белгіленген ресурстарын өтеді және өте тозған.

Ұлттық оператордың ақпараты бойынша, тек соңғы бес жылдың ішінде Қазақстан Республикасының газ тасымалдау жүйесінде шамамен 67 мың ақау анықталып, бүгінгі күні оның тек 9 мыңы жойылды.

Аталған жағдай елдің газ тасымалдау жүйесін қалпына келтіру және дамытуға қажет тарифтерді өсіруге жол бермей ұстап тұру салдарынан қалыптасты. Бұл нәтижесінде шектік ақаулар санының ұлғаюына және газ тасымалдау инфрақұрылымы апаттылығының жоғары тәуекелінің сақталуына әкеп соғады.

Осылайша, газ тарифтерін ұстап тұру немесе төмендету келешекте еліміздегі түрлі залалға әкеп соғуы мүмкін.

Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газдың шекті көтерме сауда бағаларын, оның ішінде тауарлық газды сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағаларын бекітуді жоспарлайды. Жоғарыда жазылғанның негізінде, тауарлық газдың шекті көтерме сауда бағасын 15%-ға дейін ұлғайтуды көздейтін бұйрық жобасы дайындалды. Бұйрық «Атамекен» ұлттық палатасы мен мемлекеттік органдарда жария талқылауда.

  • 28.04.2021
  • 283
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

Саткалиев А.М.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика