• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында АӨК, көлік, туризм салаларындағы инвестициялық жобалардың іске асырылуымен, сондай-ақ халықты вакциналау барысымен танысты.

Түпқараған ауданында Үкімет басшысы биыл сәуір айында пайдалануға берілген «Ақтау Агро» ЖШС құс фабрикасына барды. Инвестициялардың жалпы көлемі 5,7 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорында 90-нан астам тұрақты жұмыс орны ашылды.

Мұнайлы ауданында Премьер-Министр 85 га аумақта салынып жатқан «Aktau Green House» ЖШС жылыжай кешенінің құрылыс жобасымен танысты. Жоба 2 кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде инвестиция көлемі 26 млрд теңгені құрайды. Биылғы желтоқсан айына қарай кәсіпорында 180-нен астам жұмыс орны құрылады, ал өндіріс көлемі жылына 8 мың тонна көкөністі құрайды. Екінші кезеңде – 2022 жылдың соңына қарай жұмыс орындарының саны 430-ға дейін, ал жылыжай кешенінің қуаты 13 мың тонна өнімге дейін ұлғайтылады.

Үкімет басшысы халықаралық әуежайдан Ақтау курорттық аймағына дейінгі жолды реконструкциялау, республикалық маңызы бар «Жетібай – Құрық» автомобиль жолын күрделі жөндеу барысын, сондай-ақ өңірдегі басқа да автожол жобаларының іске асырылуын тексерді.

А.Мамин Ақтау қаласының туристік инфрақұрылымының құрылыс алаңдарын — тақырыптық ойын-сауық паркін, гольф-клубын, апартаменттер мен жалпы саны 600-ден астам нөмірі бар Fairmont, Hilton, Aqualina Resort брендтерінің қонақ үйлерін аралады.
Үкімет басшысы жоспарланған нысандар құрылысының уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ жұмыс сапары аясында Премьер-Министр «Ясин» медициналық орталығында болып, өңір тұрғындарын коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау барысымен танысты.

«Алғашқы күндері екпе салуға 10 адам келген болса, қазір тұрғындардың белсенділігі артқанын байқап отырмыз. Бүгінде күніне 150 адамға дейін екпе саламыз. Тұрғындардан ешқандай шағым келіп түскенжоқ. Екпе алушыларға ыңғайлы болу үшін қала аумағында қосымша 29/01 әскери бөлімшесінде, «ҚазАзот» мекемесінде, полиция департаментінде қосымша екпе салатын пункттеріміз жұмыс жасап тұр. Денсаулық сақтау басқармасының бекіткен кестесі бойынша вакцина таңғы 09:00-24:00 аралығында салынады. Ясин медициналық орталығының 91,5 % барлық деңгейдегі қызметкерлері екпе салдырды»,-деді «Ясин» ЖШС директоры Калдархан Курбанбеков.

Жалпы Маңғыстау облысында 32 егу пункті жұмыс істеп тұр. Олардың 6-ы жылжымалы егу бригадалары. Олар халық көп жүретін жерлерге - теңіз жағалауына, өндіріс орындарына барып, қызмет көрсетуде.

  • 28.04.2021
  • 224
Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика