• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.

«Қазгидромет» РМК бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«AgroData» қосымшасы фермерлерге егін науқанын жоспарлауға көмектеседі

Егін науқаны мен оны жоспарлау кезіндегі «AgroData» қосымшасының тиімділігі, қолжетімді мәліметтерді ауыл шаруашылығында қолдануға қатысты жаңашылдықтар туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Facebook парақшасындағы тікелей эфирде айтылды.

«Қазгидромет» РММ агрометеорологиялық мониторинг және болжау департаментінің директоры Нонна Лоенконың айтуынша, көктемгі егу жұмыстарының алдында бірқатар өңірлерде өнімдік ылғал қоры жеткілікті болады деп күтілуде.

«Атап айтқанда, Ақмола облысының Астрахань, Атбасар, Егіндікөл, Зеренді, Целиноград аудандарында, Қостанай облысының Бейімбет Майлин, Сарыкөл, Қостанай аудандарында, Солтүстік Қазақстан облысының Шал-Ақын ауданы мен Жұмабаев, Тимирязев, Жамбыл аудандарының кей жерлерінде, Қарағанды облысының Бұхар жырау, Нұра аудандарының кейбір тұстарында, Шығыс Қазақстан облысының Глубокий және Алтай аудандарында топырақтың ылғалдығы қанағаттанарлық деңгейде,- деді спикер.

Оның сөзінше, осы және өзге де мәліметтер биыл қазанда кәсіпорын дайындап, іске қосқан «AgroData» веб-қосымшасына орналастырылған.

«Экология министрінің тапсырмасымен біз фермерлерге арналған веб-қосымшаны әзірледік, қазір оның мобильді нұсқасын жасап жатырмыз. Дегенмен қазірдің өзінде браузер арқылы ұялы телефонмен қосымшадағы ақпаратты алуға болады. Бұл жерде Қазгдирометтің тек ауа райын болжаумен айналыспайтынын атап өтуіміз керек. Мұнда халықтың қауіпсіздігін, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған өнімдердің толық спектрі дайындалады»,- деп атап өтті Нонна Лоенко.

Департамент директоры «AgroData» жүйесіндегі ақпараттың көбі бұрын да болғанын, бірақ олардың әртүрлі платформаларда орналасқанын айтады. Ал жаңа қосымша фермерлерге қажетті барлық ақпаратты бір жерден алуға мүмкіндік туғызып отыр.

«Бұл мәліметтерге қолжетімділікті жеңілдетіп, оны тиімдірек қолдануға мүмкіндік береді. Қосымшаны неғұрлым түсінікті, қолдануға жеңіл етіп жасауға тырыстық. Қазгидромет әзірлей алатын фермерге қажетті ақпаратты белгілі бір шаруашылыққа бейімделген есепке жүгінбей -ақ мобильді қосымшадан көруге болады. Бұған 3 сағат жаңарып отыратын ауа райы, синоптикалық және агрометеорологиялық болжамдар мен нақты деректер кіреді»,- дейді Нонна Лоенко.

Аталғандардан бөлек, суару маусымында мемлекеттік бақылау желілерінің пункттері бойынша белсенді және тиімді температуралардың өлшемі мен топырақ ылғалдылығының қоры, ал күн суық кезде қардың биіктігі, тоңның тереңдігі бойынша ақпарат беріледі.

«AgroData» - да сонымен қатар бұрын болмаған әр он күндікке арналған нақты мәліметтер де бар. Осылайша, алынған ақпарат бойынша агротехнологияларды уақытылы және тиімді қолдану егін науқанын дұрыс жоспарлауға, өсімдіктердің өліп қалуының алдын алуға мүмкіндік береді.

«Ылғал қоры туралы мәлімет көктемгі егін науқанында тиімді егіс нормасын анықтауда, ұрықты тастайтын тереңдікті таңдауда, тыңайтқыш қолдануда үлкен рөл атқарады. Мұның барлығы өнімнің көлеміне әсерін тигізеді»,- деп түйді сөзін спикер.

  • 30.04.2021
  • 202
Алимбаева Д.К.

«Қазгидромет» РМК бас директоры

Алимбаева Д.К.

«Қазгидромет» РМК бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика