- Блогтар
- Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.
Қарағанды облысының әкімі
Қарағанды маршруттарына Сарандағы QazTehna зауытында құрастырылған 24 жаңа автобус шықты
"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ жеңілдетілген лизингтік бағдарламасының және облыс әкімдігінің қолдауының арқасында 1-Таксокомбинат жаңа техниканы сатып алды. Бірінші кезекте автобустар №01 және №30 бағыттарға жіберіледі. Содан кейін №№7, 013, 28, 31 бағыттарына шығарылады.
Сыйымдылығы 50 жолаушыны құрайтын автобустар барлық заманауи талаптарға және Евро-5 экологиялық санатына сәйкес келеді. Автобустар арбадағы мүгедектерге арналған пандустармен және алаңшалармен, балалы жолаушыларға арналған орындармен,сондай-ақ кондиционерлермен жабдықталған.
Маусым айында "Рейс" ЖМ тасымалдаушысына 16 жаңа автобус және Саран қаласының автопаркіне 15 автобус жеткізіледі деп күтілуде. Сондай-ақ Жезқазғанға 30 жаңа автобус жеткізіледі. Бұған қоса, Теміртауға Семейден 20 автобус әкелінді. Алдағы уақытта тағы 55 автобусты жеткізу жоспарлануда.
Алдағы 2-3 жыл ішінде облыстың барлық ірі қалаларында қоғамдық көліктер барынша жаңартылады. Сонымен қатар, ауданаралық және облысішілік рейстерді автобустармен жабдықтайтын боламыз.
- 30.04.2021
- 188